Қазақстан • 14 Шілде, 2017

Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығына жаңа меңгеруші келді

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айдын Құлсейітов ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды akorda.kz.

Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығына жаңа меңгеруші келді

Мемлекет басшысының Өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Аяна Тоқтағанқызы Манасова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Айдын Жеңісұлы Құлсейітов - 1976 жылы 9 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.