Қазақстан • 15 Шілде, 2017

Қазақстан мен Өзбекстан ІІМ бірлесіп жұмыс істеу келісіміне уағдаласты

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында (Өбзекстан) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов пен Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрі бірінші орынбасары Даврон Назармухамедовтың шекаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша екі жақты кездесуі өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан ІІМ бірлесіп жұмыс істеу келісіміне уағдаласты

Сонымен қатар кездесуге орталық аппараттың құрылымдық бөліністерінің басшылары, шекаралас орналасқан облыстың ішкі істер органдарының басшылары қатысты.
Іс-шара барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің перспективалары мен басымдықтары, оның ішінде шекаралас аймақтардың мәселелері талқыланды. 
Сонымен қатар делегация басшылары Қазақстан ІІМ Оңтүстік –Қазақстан облысы ІІД мен Өзбекстан ІІМ Джизак, Сырдария, Ташкент облыстарының 2017-2018 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық шараларды көздейтін қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды. 
Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан Ішкі істер министрліктері арасында тұрақты түрде жұмыс кездесулерін өткізу туралы келіссөзге қол жеткізілді.