Үкімет • 17 Шілде, 2017

Индустриялық-инновациялық даму барысы қаралды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Индустриялық-инновациялық даму­дың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асы­ру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәсе­ле­лері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспа­сөз қызметі.

Индустриялық-инновациялық даму барысы қаралды

Кеңес барысында Индуст­риялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ағым­дағы жылдың бірінші жар­тыжыл­дығында іске асыру бойынша жұмыс қорытындылары және алдағы кезеңге егжей-тег­жейлі жоспар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таев құзырлы мемлекеттік орган­дарға Индустриялық-инно­вация­лық дамудың 2015-2019 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасын сөзсіз іске асыру мәсе­лелері бойынша бірқатар тапсырма берді.