Әлем • 17 Шілде, 2017

Түркиядағы оқиғаны еске алу жиыны өтті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінде 2016 жылдың шілде айында түрк елінде орын алған төңкеріс әрекетінің бір жыл толуына арналған еске алу жиыны өтті.

Түркиядағы оқиғаны еске алу жиыны өтті

Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері мен шетелдік және қа­зақ­стандық БАҚ қызметкерлері қатыс­қан жиында бауырлас елдер арасында орнаған берік сенім мен қос мемлекет бас­шыларының терең әріптестігі кеңінен сөз болды.

Басқосу барысында Түркия елші­сі Невзат Уянык өткен жылдың шіл­­де­сін­де орын алған өз еліндегі келеңсіздіктен кейін Түркияға шет мемлекеттер бас­шыларының арасында бірінші болып Президент Н.Назарбаев ат басын бұрғанын ерекше атап өтті.

«Түркияда болған төңкеріс әреке­тінен кейін біздің  елімізге мемлекет басшысы деңгейіндегі алғашқы сапарды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жасады. Түркия мемлекеті мен түрік халқы Президент Н.Назарбаевтың бауырлас ел Қазақстанның көрсеткен тілектестігін ешқашан ұмытпайды. Сондай-ақ, біз мұндай ақ адал ниеттестік пен ізгі әрекет­ке әрқашан құрметпен қарай­мыз», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жыл­дың 15 шілдесінде болған оқиғалар, Түркия демократиялық жүйесі мен конс­ти­туциялық құрылымына қарсы төңкеріс жасау әрекеті еді. Оқиға салдарынан 250 бейбіт азамат шейіт болып, 2 195 кісі жараланды. 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»