ЭКСПО-2017 • 17 Шілде, 2017

Кариб өнері көрме думанын қыздырды

307 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ЭКСПО қалашығында Кариб теңізі елдері ұлт­тық күндерін атап өтті. Сал­танатты шарада халық­ара­­лық бірлестіктің туы кө­­теріліп, оған мүше мем­ле­кеттердің, мәдени бағ­дар­ламасы көрсетілді.

Кариб өнері көрме думанын қыздырды

Көрмеге Кариб аймағындағы 12 мемлекет көрнекі бұйымдарын әкелген. Бар­лығы бір жерге топтастыры­лып, көпшілік назарына ұсынылды. Сол­­түс­тік және Оңтүстік Америка құр­­лығының арасында орналасқан Ямай­ка, Барбадос, Суринам, Гаити сын­ды ел­дер үшін дүниежүзілік ЭКСПО көр­ме­сіне келудің өзі зор мәр­тебе. Себебі, жер ау­ма­ғы шағын бұл мемлекеттерді әлем ке­ңірек біле бер­мейді. Сон­дық­тан осындай жаһан­дық жиын­дар ар­қы­лы тарихи-мәдени ерек­ше­лік­тері паш етіледі. 

Салтанатты рәсімге Қазақстан Рес­публикасы Сыртқы істер ми­нис­т­рінің орынбасары Ержан Ашық­ба­ев, Гренаданың Ден­саулық сақтау, қор­ғау және халықаралық бизнес мини­ст­рі Николас Стиль және ха­лық­аралық ұй­ым­дар өкілдері қа­тысты. Онда Е.Ашықбаев Ка­риб қоғамдастығы ұлттық күні­нің мерекеленуіне қатысу зор мәр­тебе екендігін айтып, қо­ғам­­дас­­тық делегациясына Қазақ­с­тан үкіметінің сәлемін жет­кіз­ді. «Біз – посткеңестік және Шы­ғыс елдері ішін­де осындай ғаламдық деңгейдегі 115 мем­лекет пен 22 халықаралық ұй­ым қа­тысқан халықаралық көр­мені ұй­ымдастырған алғашқы ел­міз. Бұл – ма­ман­дандырылған ЭКСПО көрмелері тарихындағы қатысушылар саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіш», деген Сыртқы істер министрінің орынбасары еліміздің мұнай мен газдың мол қорына ие бола тұра, «жасыл» экономиканы дамытуға бас­а мән беретінін алға тарты. 
«Экологиялық теңестірілген және ұдайы дамуға баса назар аударған Қазақстан үшін «Бо­лашақ энергиясы» та­қы­ры­бы өте маңызды. Көмір­су­тек­ті қор­ла­рының бар бол­ған­ды­ғына қара­мас­тан еліміз 2050 жы­лы жалпы электр қуа­тын өн­дірудің жартысы­на дейін жет­кізуге мүмкіндік бере­тін жаң­ғыртылатын энергия көз­деріне бел­сенді ауысуда. Атал­ған мақсат біздің 2050 жыл­ға дейінгі стратегия­мыз­да және «жасыл» экономикаға кө­шу тұ­жы­рымдамамызда да бекітіліп отыр», деді Е.Ашықбаев. 

Кариб қоғамдастығына мүше Гренаданың денсаулық сақтау, қор­ғау және халықаралық бизнес мини­стрі Николас Стиль ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көр­месіне қатысуға мүм­кіндік бер­ген Қазақстанға алғысын біл­дір­­ді. «Құрамына 15 ел кіретін Кариб қоғамдастығы, шамамен 14 ми­ллион халқы бар шағын өңір. ЭКСПО-2017 көрмесіне КАРИ­КОМ­-нан 12 ел қатысуда. Қазақ­с­тан үкі­ме­­­тіне осы маңызды ша­ра­ға қатысу мүм­кіндік бергені үшін ал­ғысымыз шек­сіз. Бұл бізді ха­лық­­аралық көр­меде таныстыруға мүмкіндік берд­і», деді ол.

Н.Стиль қоғамдастық ке­ңіс­тігінің ерекшелігін де атап өт­ті. «Павильонымыз – көр­­ме­дегі жалғыз бірлескен па­­ви­­льон. Ол сонысымен ерек­шеленеді. Соңғы 17 жыл ішін­де біз осындай шараларға бір­лесіп қатысып келеміз. Бұл Кариб қоғамдастығына мү­ше мемлекеттердің бірлігін дәлел­дей­ді», деп түйіндеді сөзін Гре­на­даның денсаулық сақтау, қор­ғау және халықаралық бизнес министрі.

Шараның ресми бөлігі аяқ­тал­ған соң, Кариб қоғамдастығына мүше Гре­нададан келген әртістер қазақ­стан­дықтар мен көрме қо­нақ­­тарының алдында ән айтып, өнерлерін көрсетті.

Кариб аймағы тек шикізат түр­лерін тасымалдаумен айналысады, табиғи қазба байлық өндірмейді. Есесіне, туризм саласы кең құлаш жайған. Бұл елдер электр энергиясын қымбат ба­ғада сатып алатындықтан, ба­ламалы қуат көзіне көшуді ме­желі мақсат санайды. Ол үшін кей­бір ауылдық мекендеріне күн па­нельдерін орнатып, жел электр стансаларын іске қосқан.