ЭКСПО-2017 • 17 Шілде, 2017

Польша жаңа жобалар ұсынады

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшалық инвесторлар «Астана – жаңа қала» экономикалық аймағында болып, индустриалды саябақтағы зауыттардың жұ­мыс барысымен танысты. «Астана Инвест» инвесторларға қызмет көрсету орталығының өкілдері шетелдік меймандарға жер телімі инфрақұрылымы мен салықтағы жеңілдіктер туралы то­лық мағлұмат берді.

Польша  жаңа жобалар ұсынады

Сала мамандарының айтуынша, биыл шетелден 100 млрд теңге көле­мін­де инвестиция тарту жос­парланып отыр. Ал, Польша делегациясын бастап келген экономика және даму министрінің орын­басары Ядвига Эмилевич елордада кәсібін сәтті игеріп отырған шетелдік ком­паниялардың аяқ алысын зерделеді. Польшалық инвесторлар Астанада бизнес жүргізудің тиімділігіне көз жеткізді. 

«Польша елі бірқатар салаларда дамыған ел екені белгілі. Біз әлем бойынша жиһаз өндіруден алтыншы орында тұрмыз. Бүгін Астанаға польшалық кәсіпкерлерді әкеліп, оларды қызық­тыратын салаларды көрсеттік. Атап айтсақ, құрылыс саласындағы химия өнеркәсібі зауыттарын Қазақстанда көптеп ашқымыз келеді. Менің ойымша, біз өндіретін тауарлар жергілікті тұ­тынушылардың көңілінен шы­ға­ды. Сондай-ақ, Астанада фар­­ма­цев­тикалық фабрикалар мен те­мір жол вагондарын құрастыру зауытын ашу жоспарда бар. Бұл жерде біздің жергілікті кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасалады де­ген сенімдемін», дейді  Ядвига Эмилевич.