«Президенттің бастамасы фильмде көрініс тапты». 6 қазан күні «Известия» газетінің бірінші бетінде осындай тақырыппен шағын мақала жарияланды. Онда өткен сейсенбі күні Нью-Йоркте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі бастамасына орай түсірілген «Дала арқылы үнқатысу» деректі фильмінің премьерасы көрсетілгені көлденең тартылады.
Белгілі Голливуд актері және режиссері Армандо Ассанте мен Қазақстанның тумасы Еркін Жалғасовтың бірлесіп түсірген фильмінде Қазақстан тарихының деректері мен түрлі халықаралық қайраткерлердің пікірлері ұсынылған.
Қазақстанға бірнеше мәрте келіп үлгерген А.Ассантенің айтуынша, елдің тарихы, оның тәуелсіздігінің қалыптасу үдерістері мен бұл істегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі режиссерге үлкен әсер еткендіктен, осындай фильм түсіру туралы идея оянған.
«Известия» газетінің жазуынша, «Нейшнл богемиан холл» кинотеатрында ұйымдастырылған деректі фильмнің тұсаукесерінде бос орын болмаған. АҚШ Мемлекеттік департаментінен, дипломатиялық корпустан, америкалық және халықаралық қоғамдық ұйымдардан, киноиндустриядан және бұқаралық ақпарат құралдарынан көрермендер күткендегіден анағұрлым көп жиналған. Премьераны көріп болғаннан кейін олар «Дала арқылы үнқатысу» фильмі Қазақстанның тарихы мен қол жеткізген жетістіктеріне жаңаша қарауға мүмкіндік бергенін атап айтқан.
Премьераның Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулдығының көмегімен ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн. Деректі фильмнің тұсаукесеріне келген меймандар сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы, оның табыстары, толеранттылық дәстүрлерінің бастауы туралы хабардар етілді. Бұған Қазақстанға арналған фотокөрме де септігін тигізді.
«Егемен-ақпарат».

Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?
Спорт • Бүгін, 15:32
Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады
Энергетика • Бүгін, 15:22
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?
Өнер • Бүгін, 15:01
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы • Бүгін, 14:55
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады
Қоғам • Бүгін, 14:48
«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59