Аймақтар • Бүгін, 12:59

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 16 ақпан сағат 12:20-да ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ақмола облысы:

  • «Щучинск – Зеренді» тасжолының 0-77 шақырым аралығы (Щучинск қаласы – Зеренді ауылы);
  • «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);
  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» тасжолының 232-304 шақырым аралығы (Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы);
  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» тасжолының 14-51 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);
  • «Көкшетау – Атбасар» тасжолының 0-184 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы Атбасар қаласы);
  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» тасжолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).

Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Саумалкөл ауылы);
  • «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» тасжолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы – Келлеровка ауылы);
  • «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» тасжолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).

«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды

Ұлттық компания жоғарыда аталған жолдарды 17 ақпан күні сағат 9:00-де ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар