Жекпе-жек • 17 Шілде, 2017

Қазақстан каратэ-додан Азия чемпионатында 8 «алтын» алды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада шығыс жекпе-жегінің ең тартысты спорт түрлерінің бірі каратэ-додан Азия чемпионаты мәреге жетті. Жарыста Қазақстан құрамасы сегіз алтын медаль еншіледі деп жазады Sports.kz.

Қазақстан каратэ-додан Азия чемпионатында 8 «алтын» алды

Азия чемпионаты әлемдік деңгейдегі барлық жұлдыздарды тоғыстырған айрықша бәсеке. Татамиге әлемнің 27 елінен келген 600-ден астам спортшы қатысты.

Қазақстанның намысын 70 каратэші қорғады, оның қатарында Азия ойындарының алтын медаль иегері, Азия чемпионы Андрей Актауов, Азия ойындарының чемпионы және Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы Ринат Сағандықов, Йокогамеде өткен Азия біріншілігінің жеңімпазы Ермек Айназаров бар. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Халықаралық олимпиада комитеті каратэ-до спорт түрін 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада бағдарламасына қосты. 4 жылда бір рет өтетін ойындарға қатысуға жолдама алу үшін бұл таптырмас мүмкіндік.