Технология • 17 Шілде, 2017

WhatsApp жаңа қызметін іске қосты

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

WhatsApp мессенджері қолданушыларға кез келген құжатты бөлісуге мүмкіндік беретін жаңа қызметін іске қосты, - деп хабарлайды Mashable.

WhatsApp жаңа қызметін іске қосты

Бір айта кетерлігі, файл қызметіне 100 МВ шектеу қойылған. 

Сонымен қатар енді жолданған суреттердің сапасы өзгермейді. Себебі қолданушыларға суреттің көлемін қысқартпай жолдау мүмкіндігі берілді. Сондай-ақ мессенджерде мәтінді редакциялау мүмкіндігі кеңейді. Енді кез келген сөздің үстінен басу арқылы оны қою етуге болады.

Қосымшаның жаңарған нұсқасы iOS және Android операциялық жүйелеріне тән.