Аймақтар • 17 Шілде, 2017

СҚО-да «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындары өтті

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамлют қаласында өткен «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындары үш күнге созылып, өз мәресіне жетті.

СҚО-да «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындары өтті

1500-ден астам спортшы спорттың 16 түрінен күш сынасып, жарыс қорытындысында 274 ұпай жинаған Қызылжар ауданы жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Былтыр  үшінші орынды қанағат тұтқан бұл команда спорттың гір көтеру, мылтықпен ату, еркін күрес, дойбы түрлері бойынша  қарсылас шақ келтірмеді.

Жеңімпаздан бір ұпайға кем қалған Ғ. Мсірепов ауданының ойыншылары екінші орынға жайғасты. Үшінші орынды М. Жұмабаев ауданының спортшылары еншіледі.

Барлық жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Ауылдықтар сапртакиадасын жоғары деңгейде өткізгені үшін алаң иелері-Мамлют ауданына облыс әкімі атынан «Газель» жеңіл көлігі тарту етілді.

Ауыл спортшыларының келесі жылғы аламан бәйгесі М. Жұмабаев ауданында өтетін болады.  

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.