Аймақтар • 17 Шілде, 2017

Айыртау ауданында бірнеше нысан ашылды - СҚО

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

“ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесі аясында Айыртау ауданында бірнеше туристік және сауда нысандары бой көтерді.

Айыртау ауданында бірнеше нысан ашылды - СҚО

Әсем  табиғаты мен тарихи-мәдени орындары көп Айыртау– туризмді дамытуға өте қолайлы аймақтардың бірі. Туристік аумақты жаңғырту бағдарламасы шеңберінде мұнда  “Тұрпан-1” және “Тұрпан-2” демалыс орындары ашылды. Демалыс базаларында заманауи үлідегі  10 үй бой түзеп,  сегіз адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Экономикалық жағынан тиімді жобалар жергілікті билік органдары мен бизнес құрылымдарының бірлесуі арқылы жүзеге асырылды. 

Саумалкөл ауылының тұрғындарына “Мега Строй” сауда орталығы да өз есігін айқара ашты. Сауда кешенінде киім-кешектер, құрылыс, азық-түлік, тұрмыстық заттар, отандық автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер  қолжетімді бағамен ұсынылады. Сауда-өнеркәсіптік кешеннің иесі  Николай Бижов он адамға  жұмыс тауып берді .

Абдолла Искандаров пен Рауан Аязбаев бірігіп  ашқан дәмханаға  келушілер риза.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан». 

Солтүстік Қазақстан облысы.