Қазақстан • 17 Шілде, 2017

«Астана» ХҚО мен Malaysia Debt Ventures Berhad компаниясы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) GreenTech Catalyst Sdn Bhd (Малайзия) бірлесіп бір аптаға созылатын семинарды ұйымдастырды. Ислам қаржыландыруы мен жасыл қаржыландыруға арналған семинар Малайзия павильонында 23-шілдеге дейін созылады.

«Астана» ХҚО мен Malaysia Debt Ventures Berhad компаниясы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Семинар аясында ислам капитал нарығы мен Малайзияның «жасыл сукук» шығаруға жөніндегі тәжірбиесі, сонымен қатар жасыл және ислам қаржыландыру құралдарының Қазақстандағы даму бағыты туралы кеңінен талқыланады.

Бүгін сонымен қатар, АХҚО мен Malaysia Debt Ventures Bhd Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.

Меморандум аясында Тараптар жасыл және ислам қаржыландыру саласындағы, ислам қаржыландыруы құралдарын пайдалану арқылы «жасыл» жобаларды қаржыландыру бойынша тәжірбие, біліммен алмаспақ.

Ислам қаржыландыруы мен жасыл қаржы АХҚО-ның негізгі бағыттарының бірі.