Парламент • 17 Шілде, 2017

Сенаторлар Батыс Қазақстанда кездесулер өткізуде

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Е.Мұқаев пен Н.Төреғалиев Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлады аталған палатаның баспасөз қызметі.

Сенаторлар Батыс Қазақстанда кездесулер өткізуде

Зеленов ауданында сенаторлар Павлов ауылындағы су құбыры құрылысы мен медициналық пункттің толық жөндеуден өткізу барысымен танысты. Сондай-ақ депутаттар Махамбет ауылында орналасқан «Алтын болашақ», «Шұнайбеков», «Шканов» шаруа қожалықтарының ұжымымен кездесті.

 17 шілдеде сенаторлар Теректі ауданына барып, Подстепное, Новопавлока, Ақсуат ауылдарында құрылыс объектілерін, шаруа қожалықтарын аралады.

Жергілікті халықтың алдында сөз сөйлеген Ерболат Мұқаев ауыл тұрғындарын Президент Н.Назарбаевтың ауыл шаруашылығын Қазақстан экономикасының драйверлерінің біріне айналдыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру үшін жұмыла еңбектенуге шақырды.

 Кездесуге қатысушылар парламеншілермен аграрлық саланы дамытудағы аймақтың түйткілді мәселелерін талқылады. Депутаттар тұрғындарды жұмыспен қамтудың, сондай-ақ, ауылдықтарға еңбегіне лайықты ақы төлеудің  маңыздылығын атап өтті.