Қазақстан • 17 Шілде, 2017

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басшысы қызметінен кетті

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, директорлар кеңесінің шешімімен тараптардың келісімі бойынша басқа қызметке ауысуына байланысты басқарма төрағасы Ерлан Сапарғалиұлы Ыдырысовтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлады primeminister.kz.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басшысы қызметінен кетті

Е.Ыдырысов 1993-1997 жылдары Қазақ Мемлекеттік аграрлық университетін экономист қаржыгер, 2007-2009 жылдары Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «машина жасау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1998-1998 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Бюджет бөлімінің материалдық өндіріс басқармасының өнеркәсіп, инвестициялар және табиғи ресурстар бөлімінің экономисті, 1998-2000 жылдары ҚР Қаржы министрлігі бюджет бөлімінің материалдық өндіріс басқармасының өнеркәсіп, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас экономисті, 2000-2001 жылдары ҚР Қаржы министрлігі бюджет бөлімінің материалдық өндіріс басқармасының өнеркәсіп, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы, 2001 жылы - «Астанаэнергосервис» АҚ Орталық қаржы бөлімінің бастығы, 2002-2004 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің ел арасындағы қаржы қатынастары бөлімінің бастығы, 2004-2005 жылдары- «Тыныс» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, 2005-2009 жылдары «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Техникалық саясат және инновациялар департаментінің директоры, 2009-2010 жылдары - басқарма мүшесі, вице-президент, 2010-2014 жылдары басқарушы директор, 2014-2015 жылдары басқарма төрағасының орынбасары болған. Қазіргі қызметінде 2015 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істеп келген.