Қазақстанда 19 жыл бойы қызмет еткен Түрік Республикасының бұл азаматы бауырлас халықтарымыздың жақындасуына өз деңгейінде елеулі үлес қосып жүрген жан. Оның еңбегі Елбасы тарапынан да жоғары бағаланып, 2010 жылы журналистердің кәсіби мерекесіне орай берілетін марапаттардың қатарында оған Президенттің Алғысы жарияланған болатын. Осындай білікті, байсалды, жоғары мәдениетке ие азамат енді Бакудегі халықаралық Кавказ университетіне басшылық қызметке ауысып отыр.
«Егемен Қазақстанның» басшысы Сауытбек Абдрахманов Салих Акчай үйлестірушілік қызмет атқарған кезеңдегі «Диалог Еуразия» платформасының қазақстандықтарды түрік бауырлармен жақындастыру, Түркияны таныта түсу, екі ел арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты дамыту мақсатында жасаған шараларына, Қазақстан туралы жазған материалдарына ризашылық білдіріп, біздің елімізге байланысты талай мінберлерден айтқан оң пікірлеріне жоғары баға берді. «Соның ішінде сіз, – деп атап көрсетті акционерлік қоғамның президенті, – бірнеше «егеменқазақстандықтарды» да Анадолы жеріне іссапарға апарып, Түркияның хал-ахуалын көрсетіп, түрлі саладағы мамандарымен, өнер адамдарымен, ойшылдарымен жақын таныстырдыңыз. Қазақстанның дінаралық келісім саласында қалыптасқан тәжірибесін насихаттау үшін сіз біздің еліміздегі дәстүрлі діндер өкілдерін де Түрік Республикасына апарып, жерлестеріңізге олардың өзара келісім мен төзімділікті басшылыққа алып, тату өмір сүріп жатқанын көрсеттіңіз. Бұл үлкен жұмыс», дей келіп, Салих Акчайдың жасаған игі істеріне өз тарапынан алғыс білдірді және болашақтағы еңбегіне жеміс тілеп, «Егеменнің» атынан сыйкәде жасады.
Жауап сөзінде Салих Акчай Қазақстан халқына шексіз риза екендігін, өзінің бұл жерден көп нәрсе үйреніп, рухани жағынан байып бара жатқанын жеткізді. Қазақта «ырыс қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын деген» сөз бар. Иншалла, осы ынтымақтарыңыздан айырылмасаңыздар, болашақта бүгінгіден де жақсы өмір сүретін боласыздар», деді толқып тұрып.
Жақсыбай САМРАТ.

Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?
Спорт • Бүгін, 15:32
Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады
Энергетика • Бүгін, 15:22
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?
Өнер • Бүгін, 15:01
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы • Бүгін, 14:55
ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады
Қоғам • Бүгін, 14:48
«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды
Футбол • Бүгін, 14:35
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Орал қаласында жаңа мешіт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 14:07
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Қоғам • Бүгін, 13:38
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент • Бүгін, 13:13
Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді
Референдум • Бүгін, 13:03
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Үкімет • Бүгін, 13:01
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59