Қазақстан • 18 Шілде, 2017

Балғын инспекторлар бақ сынасуда

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде балғын инспек­тор­лар­дың бәсекесі басталды. Ғазиз Байтасов атын­дағы жас инс­пек­торлар қозғалы­сының 17-ші рес­пуб­ликалық слеті 9 күнге созылмақ. 

Балғын инспекторлар бақ сынасуда

Болашақ жол сақшыларын даярлау­ға ықпал ететін бұл шара облыс орта­­­­лы­ғының іргесіндегі, т­ама­­ша таби­ғат аясында орын теп­кен «Дарын» өңір­­лік ғылыми-прак­тикалық орталы­ғын­­да өтеді. Ресей, Қырғызстан мен Тәжікстан мем­ле­кет­­тері және еліміздің түкпір-түк­пі­рінен жинал­ған 180 оқушы «Жол жүрісі қағидасын білу», «Жас рет­теуші», «Вело­сипедті мәнер­­леп жүр­гізу», «Эрудиттер бай­қауы», «Жас санитарлар», «Велоси­пед­ті авто­қалашықта жүргізу», «Үгітбри­га­да­лар байқауы», «Сап­тық жарыс» аталым­дары аясында бақтарын сынап, бап­тарын бай­қайтын болады.

Бұл сайыс оқушылардың заң мен тәртіпті біліп қана қоймай, қоршаған орта, жақын-жуық, дос-жаран, ата-анасын құр­меттеуге үйретеді. Жарыста тек мықты­лар жеңіске жетсін», – деді бәсе­кенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс­тық Ішкі істер департаменті жергілік­ті полиция қызметі басшысының орынба­сары, полиция полковнигі Ерлан Кәрменов.

Реті келгенде айта кетейік, біздің өңір­дің құрамасы жыл сайын ұйымдас­тыры­латын байқауда төрт мәрте топ жарыпты.

Азамат ҚАСЫМ, 
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН