Қазақстан • 18 Шілде, 2017

ЕҰУ 35-сатыда тұр

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЛН.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университеті «QS TOP 50 UNDER 50» әлемдік рейтингтің қорытындысы бо­йынша тағы да топ жарып, көш басынан көрінді.

ЕҰУ 35-сатыда тұр

Әлемнің үздік 50 университет­тері ішінде өз орнын тап­қан Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ әлемдік рейтинг бойынша екі сатыға көтерілді. 2017 жылдың 12 шілдесінде қорытындысы белгілі болған QS Top 50 Under 50 халықара­лық беделді рейтингтік агенттігінің сараптамасы осындай.

Халықаралық рейтингке әлемнің 150 уни­верситеті қатысты: Азия­дан – 53, Еуропадан – 52, Океаниядан – 20, Латын Америкасы­нан – 18, Солтүстік Америка­дан – 4.

Еліміздегі жас ұлт­тық университеттің рей­тингтегі сатысы жұмыс берушілер мен акаде­миялық сарапшылар ара­сындағы абырой-беделі және шетелдік оқыту­шылардың саны арқылы көтеріліп отыр.

Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситеті  әлемдік рейтингке 2014 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Қазіргі таңда ЕҰУ аталмыш рейтинг бойынша 35-сатыда тұр,  бұл Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны екенін ескерсек, зор жетістік болып табылады.