Қазақстан • 18 Шілде, 2017

Ықпалдастық жайы талқыланды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтына (ӘЭСИ) Азияның үздік 10 сараптамалық орталықтары қатарына кіретін қытайлық алдыңғы қатарлы think tank – Шанхай халықаралық зерттеулер академиясының вице-президент Ян Цзен бастаған делегациясы келді.

Ықпалдастық жайы талқыланды

Тараптар «Үлкен Еуразия» кеңістігіндегі ағымдағы геосаяси үрдістерді, «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуымен үндес «Бір белдеу – бір жол» жобасының дамуын, сондай-ақ, ӘЭСИ мен ШХЗА ортақ ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.

ШХЗА өкілдері 2017 жыл­дың қараша айында өтетін кезекті «Астана клуб» отырысына шақырылды. ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев атап өткендей, «Астана клуб» диалог алаңы аясында бүкіл әлем­нің, соның ішінде Азия­ның ал­дыңғы қатарлы сарап­тама­лық орталықтары сарап­шыларының бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай жасау ӘЭСИ үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық-интеграциялық және гума­ни­тарлық бастамаларын жаһан­дық деңгейде насихаттау жұмы­сындағы басым бағыт болып табылады.