08 Қазан, 2011

Қазақстан Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы №2-НП

562 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2011 жылғы 18 тамыз,  Астана қаласы Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республика­лық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған Сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн. 2. Мыналардың күші жойылсын деп танылсын: 1) «Республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5643 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жыл, № 7 жарияланған); 2) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 30 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5984 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жыл, № 10 жарияланған); 3) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қау­лысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 37-Қ қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6702 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы, № 1 жарияланған). 3. Есеп комитетiнiң аппарат басшысы Сыздықов Е.Қ. бiр ай мерзiмде Қазақстан Респуб­ликасының Әдiлет министрлiгiнде осы қаулының мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Төраға      О. ӨКСІКБАЕВ. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқа­рылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарт­тарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес әзірленген. 2. Ереже сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау, жүргізу, оның нәтижелерін ресімдеу, шешім шығару, сапаны бақылау, есепке алу, есептілік және шешімдердің орындалуын бақылау, мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарын және сарапшыларды бақылау жүргізуге тарту тәртібін айқындайды. 3. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекеттік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін, жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі – бақылау) мемлекеттік басқарудың республикалық және жергілікті деңгейлерінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) жүзеге асырады (бұдан әрі – сыртқы бақылау органдары). 4. Бақылау республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын, мемлекеттiк, салалық және бюджеттiк бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттiк органдар­дың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын, бюджет процесiне қатысушылардың, оның ішінде квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, сондай-ақ басқа да бюджет қаражатын алушылардың, бай­ланысты гранттарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерiн, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, бюджеттiк инвестицияларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi – бақылау объектiлерi) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының нормаларын сақтауын мониторингілеу, салыстыру, бағалау және талдау жүйесiн қолдана отырып жүргізіледі. 5. Бақылау жүргізуге тартылатын мемлекеттік органдардың, аудиторлық ұйымдардың маман­дары және сарапшылар осы Ережені басшылыққа алады. 2. Бақылау туралы жалпы мәліметтер 6. Бақылау жүргізу кезінде: 1) тәуелсіздік; 2) объективтілік; 3) анықтық; 4) ашықтық; 5) құзыреттілік; 6) жариялылық принциптері басшылыққа алынады. 7. Бақылау сыртқы бақылау органының стратегиялық, операциялық (жылдық) және тоқсандық жұмыс жоспарларының негізінде жүргізіледі. 8. Сыртқы бақылау органдарының стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары сыртқы бақылау органдарының ішкі регламентіне сәйкес әзірленіп, бекітіледі. 9. Сыртқы бақылау органдарының бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамдарының бақылау объектісін таңдаудың орындылығын (тәуекелдерді басқару жүйесінің деректерін ескере отырып), бақылау объектісінің мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын және өзге де бағдарламалық құжаттарды іске асыруға қатысу дәрежесін, бақылау жүргізудің болжанып отырған кезеңінде республикалық немесе жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражат көлемін, мемлекет активтерінің бар-жоғын және өзге бақылау-қадағалау органдарының осы объектідегі соңғы бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді негіздейтін ұсыныстары бақылау объектісін жұмыс жоспарына енгізуге негіз болып табылады. 10. Бақылау іс-шарасын жүргізуге тікелей басшылықты сыртқы бақылау органының басшысы тағайындайтын, оны жүргізуге жауапты лауазымды адам жүзеге асырады. 3. Бақылаудың үлгілері мен түрлері 11. Бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді: 1) сәйкестікке бақылау жасау – бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюд­жет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау; 2) қаржылық есептілікті бақылау – бақылау объектісінің қаржылық есептілікті жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақтылығын бағалау. Қаржылық есептілікті бақылаудың нәтижесі бойынша бақылау объектісінің қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жүргізген қаржылық операцияларының нәтижелері туралы жеткілікті және қажетті дәлелдемелері негізінде жасалған объективті пікір білдіріледі; 3) тиімділікті бақылау – сәйкестікке бақылау жасау және қаржылық есептілікті бақылау негізінде жүргізілетін бағалау, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізілуін, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды бағалау, сондай-ақ мемлекеттік орган және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономиканың, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының дамуына тигізетін әсерін кешенді және объективті талдау. Тиімділікті бақылау мынадай негізгі бағыттарды: 1) бақылау объектісі қызметінің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге жұмсалған бюджет қаражатының пайдаланылу үнемділігін; 2) бақылау объектісінің өндірістік және өзге қызметі процесінде еңбек, қаржы және басқа ре­сурс­тарды пайдаланудың, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен технологияларды пайдаланудың өнімділігін; 3) бақылау объектісінің қойылған міндеттерді орындау, осыған бөлінген ресурстар көлемін ескере отырып, жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда нақты нәтижелерге қол жеткізу бойынша қызметінің нәтижелілігін қамтуы тиіс. 12. Сыртқы бақылау органдары өз өкілеттіктері шегінде мынадай бақылау түрлерін жүзеге асырады: 1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін барлық мәселелер бойынша бақылау және бағалау; 2) тақырыптық бақылау - бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау; 3) үстеме бақылау - үшінші тұлғаларды бақылау, ол тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізіледі; 4) бірлескен бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік органдармен келісілген уақытта бірлесіп жүргізетін бақылау. 5) параллель бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары келісілген мәселелер және өткізу уақыты бойынша кейіннен нәтижелерімен өзара алмаса отырып, дербес жүргізетін бақылау. 13. Бақылау рәсімі жоспарлаудан, жүргізуден, оның қорытындысы бойынша қабылданған нәтижелерді ресімдеуден тұрады. 4. Бақылауды жоспарлау тәртібі 14. Бақылауды жоспарлау оның бастапқы кезеңі болып саналады, онда бақылау объектісінің жұмыс істеуі мен қызметінің, бағдарламалардың іске асырылуының және сыртқы бақылау органының құзыретіне кіретін басқа да мәселелердің бақылауға жататын аспектілеріне зерделеу жүргізіледі (бақылаудың үлгісі мен түрін, бақылау объектісін таңдау, бақылаумен қамтылатын кезең, бюджет қара­жатының, түсімдердің, байланысты гранттардың, мемлекет активтерінің, бюджеттік инвес­тициялардың көлемі, бақылау жүргізу мерзімі, бақылау объектілерінің саны, еңбектi көп қажет ететіні және тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, толыққанды бақылауды жүзеге асыруға қажетті басқа да ресурстар). Бақылауды жоспарлау кезінде жұмыс стандарттары пайдаланылады, олар бақылаудың барлық үлгілеріне қолданылады. 15. Бақылауды жоспарлау кезiнде кешендiлiк, үздiксiздiк, оңтайлылық, атаулылық принциптерін басшылыққа алған жөн: 1) жоспарлаудың кешендiлiгi – бақылау объектiсiн алдын ала зерделеуден бастап, бақылау бағдарламасын жасағанға дейiнгi жоспарлаудың барлық кезеңдерiнiң өзара байланыстылығы мен келiсе жүргiзiлуi; 2) жоспарлаудың үздiксiздiгi – бақылауды жүзеге асыратын бақылау органдарының қызмет­керлерiне, мемлекеттiк органдардың, аудиторлық ұйымдардың мамандарына және сарапшыларға берiлген тапсырмалардың бақылау кезеңдерi мен мерзiмдерi бойынша өзара байланыстылығын белгiлеу; 3) жоспарлаудың оңтайлылығы – бақылаудың түпкi мақсатына қол жеткізу үшiн ең аз шығын жұмсай отырып, бақылаудың үлгілерін, түрлерін, сондай-ақ бақылау бағдарламасының ең ұтымды нұсқасын таңдау; 4) жоспарлаудың атаулылығы – бақылау объектілерінің өңірлік орналасуын қоса алғанда, оларды нақты таңдау. 16. Бақылауды жоспарлаудың нысанасы: 1) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылы­лығы, республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуы, салықтық және кедендік әкімшілік ету; 2) мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары; 3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары; 4) мемлекеттік органдардың, мекемелердің және өзге де ұйымдардың – бюджет қаражатын иеленушілер мен алушылардың нақты қызметі арқылы жүзеге асырылатын бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану процесі; 5) қойылған әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге пайдаланылатын мемлекеттің барлық ресурстары, қаржы және өзге де активтері болып табылады. Осы ресурстардың жиынтығы: республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын; мемлекеттік төтенше бюджеттің қаражатын; Ұлттық қордың қаражатын; Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің активтерін; мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін; бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін заңнаманың талаптарына сәйкес басқару мен қолданудың өзге де салаларын (трансферттер, гранттар, қарыздар, субвенциялар, бюджеттік кредиттер және басқалар); мемлекеттік сатып алуды жүргізудің рәсімдерін қамтиды. 17. Бақылау іс-шарасын жоспарлау нәтижеге қол жеткізу мақсатында өзара байланысқан үш кезеңнен – бақылау объектiсiн алдын-ала зерделеуден, бақылау жоспарын жасаудан, бақылау бағдарламасын бекітуден тұрады. 18. Бақылау объектілерін алдын ала зерделеу бақылаудың мақсаты мен мәселелерін айқындауға, бақылау объектілерін нақтылауға және тиімділікті бақылауды жүргізген жағдайда тиімділікті, үнемділік пен нәтижелілікті бағалаудың тиісті өлшемдерін әзірлеуге қажетті ақпаратты жинау және талдау жолымен жүргізіледі. Бақылау объектісін алдын ала зерделеу бақылау іс-шаралары басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 19. Бақылау объектісін алдын ала зерделеу барысында жоспарланған бақылауды жүргізуге қажетті ақпарат көздері айқындалады, сондай-ақ бақылау объектісінде ішкі бақылау жүйесі болған жағдайда, оның қызметі зерделенеді. Бақылау объектісінің қызметі туралы ақпарат көздері: 1) бақылау объектісінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер; 2) бақылау объектісінің құрылтай құжаттары; 3) мемлекеттік органдардың стратегиялық, операциялық жоспарлары, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары; 4) бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, кеңес хаттамалары; 5) бақылау объектісінің өндірістік және ұйымдық құрылымын регламенттейтін құжаттар; 6) бақылау объектісінің қаржылық, бухгалтерлік және статистикалық есептілігі; 7) бақылау объектісінің қызметін жоспарлау құжаттары; 8) бұрынғы тексерулердің материалдары, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша құжаттар; 9) бақылауды жүргізуге жауапты лауазымды адамның сұрауларына жауаптар; 10) бақылау объектісінің интернет ресурстары; 11) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; 12) үшінші тұлғалардың сұрауларына жауаптар; 13) мемлекеттік сатып алудың жүргізілуін мониторингілеу бойынша құжаттама; 14) бақылау объектісі туралы мәліметтерді қамтитын өзге де көздер болып табылады. Мемлекеттік құпияларды және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге құқық беретін қажетті құжаттарды уақтылы дайындау мақсатында аталған мәліметтердің бақылау объектілерінде бар-жоғы анықталады. 20. Бақылау объектісін алдын ала зерделеу барысында алынған деректерге сәйкес талдау жүргізіліп, тәуекелдер айқындалады, солардың негізінде бақылаудың үлгілері, түрлері, әлеуетті маңызды бағыттары, сондай-ақ ресурстардың көлемі, оның ішінде бақылау жүргізуге қажетті мамандарды, сарапшыларды және аудиторлық ұйымдарды тарту мәселесі анықталады. 21. Бұл объектілерде бақылауды жүзеге асырудың орынсыз екенін (елеулі тәуекелдердің жоқ екенін және басқаларды) немесе бақылаудың үлгілері мен түрлері бойынша өзгерістер енгізудің қа­жеттігін көрсететін факторлар анықталған жағдайда, бақылауға жауапты лауазымды адам бақылаудың үлгісі мен түрін, сондай-ақ бақылау объектілерінің тізбесін өзгерту немесе аталған бақылау іс-шарасын сыртқы бақылау органының жұмыс жоспарынан алып тастау туралы ұсыныс дайындайды және оны сыртқы бақылау органының бірінші басшысына (бұдан әрі – сыртқы бақылау органының басшысы) қарауға ұсынады. Өзгеріс енгізу туралы немесе сыртқы бақылау органының жұмыс жоспарынан бақылау іс-шарасын алып тастау туралы шешім оның регламентіне сәйкес қабылданады. 22. Бақылау объектісін алдын ала зерделегеннен кейін жоспар жасалып, бақылау бағдарламасы әзірленеді. 23. Бақылау жоспарын бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамның ұсынысы бойынша сыртқы бақылау органының басшысы бекітеді және оны сыртқы бақылау органының басшысы бақылау жүргізу процесінде өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін. 24. Бақылау жоспарында бақылау жүргізуге негіз, бақылаудың мақсаты, бақылау объектілері, бюджетке түскен түсімдердің немесе қаржыландырудың, мемлекет активтерінің, бюджеттік инвестициялардың, мемлекеттік қарыздардың, кепілгерліктердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік сатып алудың көлемі, бақылаумен қамтылатын кезең, бақылаудың ұзақтығы көрсетіле отырып негізгі ұйымдастырушылық мәселелер, сондай-ақ оны жүргізуге қажетті ресурстар қамтылады. 25. Сыртқы бақылау органының басшысы тиісті бақылау іс-шарасының жоспарында мерзімін белгілейтін тиімділікті бақылауды қоспағанда, бақылау жүргізудің мерзімі алдағы жұмыстардың көлемін және қойылған міндеттерді ескере отырып, бақылау объектісінің басшысына бақылау жүргізуге арналған тапсырманы табыс еткен сәттен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін белгіленеді. 26. Сыртқы бақылау органының басшысы бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамның жазбаша өтініші бойынша бақылау жүргізудің мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге ұзарта алады. 27. Бақылау тобының алдын ала сандық және дербес құрамы бақылауға жауапты лауазымды адамдармен келісе отырып, сыртқы бақылау органының тоқсандық жұмыс жоспарларына қосым­шаларда айқындалады. 28. Бақылау тобының құрамы сыртқы бақылау органының біреуін бақылау тобының жетекшісі айқындайтын кемінде екі қызметкерін, ал қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың мамандарын, аудиторлық ұйымдардың қызметкерлерін және сарапшыларды қамтуы тиіс. 29. Бақылау бағдарламасы бақылау жоспарын дамыту үшiн жасалады және оны iс жүзiнде iске асыруға қажеттi iс-шаралардың егжей-тегжейлi сипаттамасын бiлдiредi. Бақылау бағдарламасын бақылау тобы әзірлейді және оны бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адам бекітеді. Бақылау бағдарламасы қисынды, түсінікті, сондай-ақ бақылауды жүргізудің мақсатына және оған арналған ресурстарға қарай оның ықтималды нәтижелерінің арақатынасы тұрғысынан тиімді болуы тиіс. Бақылау жүргізу барысында бақылау бағдарламасына сыртқы бақылау органының регламентіне сай толықтырулар немесе өзгерістер енгізілуі мүмкін. 30. Бақылау бағдарламасында бақылау жүргізуге негіз, бақылау тобының дербес құрамы, оның жетекшісі, бақылау мәселелері және оларды қараудың дәйектілігі көрсетіледі. Тиімділікті бақылау жүзеге асырылатын жағдайда, бақылау бағдарламасына оны жүргізудің өлшемдері енгізіледі. 31. Бақылау жүргізудің нәтижесі бойынша қол жеткіземіз деп жоспарланған бақылау бағдарламасының мақсаты айқын және нақты болуы тиіс. Бұл ретте тәуекелдердің жоғары дәрежесін анықтауға болатын және бақылау қорытындысы барынша нәтиже бере алатын салаларға баса екпін қойылуы тиіс. Бақылаудың мақсаты бақылау аяқталғаннан кейін тиісті қорытындылар мен тұжырымдар жасалып, ұсынымдар әзірленетіндей болып айқындалуы қажет. 32. Бақылаудың мақсаты қойылған міндеттерге: бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік органдар­дың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануын, бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігін бағалауға, бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, бюджеттік инвестицияларды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауға байланысты айқындалады. 33. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары, байланысты гранттар, мемлекет кепілгерліктері мен активтері, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдалануға және мемлекеттік органның және/немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіне қатысты жекелеген мәселелер бақылаудың мәні болып табылады. 34. Бақылау бағдарламасының негізгі бағыттары: 1) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуі, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің іске асырылуы; 2) бақылау объектісінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығы; 3) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, концессиялық жобаларды бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай-ақ мемлекеттің кепілгерліктері мен активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі; 4) республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылы­лығы, сондай-ақ түсімдер сомаларының қайтарылуы, салықтық және кедендік әкімшілік етудің тиімділігі; 5) республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде бақылау объектілерінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауы; 6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің оларға мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламаларда, аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген мақсаттар мен іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануы болып табылады. 35. Сәйкестікке бақылау жасау кезінде бақылау бағдарламасында бюджет, салық және кеден заңнамасы нормаларының сақталуы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының, қаржылық есептілікті ұйымдастырудың, жасаудың және ұсынудың белгіленген тәртібінің іске асырылуы сияқты мәселелер, сондай-ақ бақылау объектісінің қызметін реттейтін жене регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің ережелері қамтылады. Бұл ретте заңнамалық нормаларды және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді сақтамау бақылау объектісінің бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдалануы нәтижесіне, қаржылық есептіліктің жай-күйіне елеулі әсер етуі мүмкін екендігін назарға алған жөн. Бақылау объектісінің қасақана, сондай-ақ байқамай жасаған, нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына қайшы келетін әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтамау деп ұғынылады. 36. Қаржылық есептілікті бақылаудың бағдарламасын жасау кезінде оған бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қаржылық есептілікті нормативтік-құқықтық актілерге, бухгалтерлік стандарттарға сәйкес жасауының толықтығы мен анықтығы мәселелерін енгізген жөн, осы мәселелерді бұзу қаржылық есепте мәлімделген сомаларға немесе қаражатты пайдаланудың дұрыстығының нәтижелеріне тікелей және елеулі әсер етеді. 37. Тиімділікті бақылау бағдарламасы бұрынғы екі бақылау үлгісіне – сәйкестікке бақылау жасауға және қаржылық есептілікті бақылауға негізделеді. Тиімділікті бақылау бағдарламасының мәселелері оның бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудан алынған түпкі әлеуметтік-экономикалық нәтижені айқындауға арналған бағыт-бағдарын ескеруі тиіс. Тиімділікті бақылау бағдарламасында өлшемдер – қисынды және қол жеткізілетін көрсеткіштер (стандарттар) міндетті түрде айқындалады, солар бойынша бақылау объектісі қызметінің үнемділігі, тиімділігі және нәтижелілігі бағаланады. Сапалы нәтижелердің, сандық қорытындылардың, іске асырылып отырған мемлекеттік саясаттың нәтижелілігі мен тиімділігінің сандық тұрғыдан айқындауға болатын көрсеткіштері өлшемдер болып табылады. 38. Бақылау бағдарламасында бақылауға жататын бағыттар бойынша ақпарат көздерінің, сондай-ақ бақылау барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі келтіріледі. 39. Бақылауға жауапты лауазымды адам бекітетін жұмыс жоспары бақылау бағдарламасына міндетті қосымша болып табылады, онда нақты бағдарламалық мәселелерге жауапты адамдар, мерзімі және нақты бақылау объектілері көрсетіледі.  

5. Бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

40. Бақылау жоспары мен бағдарламасы негiзiнде сыртқы бақылау органының басшысы немесе бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адам қол қойған тапсырманың (бұдан әрi – Тапсырма) болуы бақылау жүргiзу үшiн мiндеттi шарт болып табылады. 41. Тапсырма бақылау жүргiзуге құқық беретiн, қатаң есептілік бланкісіне ресімделетін ресми құжат болып табылады. 42. Тапсырмада: 1) сыртқы бақылау органының атауы, бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамның аты-жөні мен лауазымы, оның қолы, сондай-ақ мөрі не оның міндетін атқарушы тұлғаның деректері; 2) нөмірі мен берілген күні; 3) бақылау жүргізуге құқықтық негіздер; 4) бақылауды жүргізу тапсырылған адамның (адамдардың) аты-жөні мен лауазымы; 5) бақылау объектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны, толық атауы, оның орналасқан жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, басшысының аты-жөні; 6) бақылаудың мәні; 7) бақылаудың үлгісі мен түрі; 8) бақылау объектісінде бақылау жүргізудің жоспарланып отырған мерзімі; 9) бақылаумен қамтылатын кезең; 10) бақылау жүргізуді тағайындаған лауазымды адамның қолы; 11) бақылау бастапқы белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда, күнін көрсете отырып, бақылау мерзімін ұзарту туралы мәліметтер көрсетіледі. 43. Әрбiр бақылау объектiсiне жеке Тапсырма ресiмделедi. Тапсырмалар сыртқы бақылау органында сақталатын, оларды есепке алатын жеке журналда тiркеледi. 44. Үстеме бақылау жүргізу үшін әрбір объектіге осы Ереженің 42-тармағына сәйкес ресімделген жеке Тапсырма дайындалады. Үстеме бақылау жүргізу үшін берілген Тапсырмаға негізгі бақылау объек­тісінде бақылау жүргізуге арналған Тапсырма нөмірі және бөлшек арқылы оның реттік нөмірі беріледі. 45. Бақылауды жүргізердің алдында бақылау объектісінің басшысына: 1) Тапсырма; 2) бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдардың қызметтік куәліктері; 3) қажет болған жағдайда, құзыретті органның режимді объектіде болуға арналған рұқсаты көрсетіледі. 46. Бақылауды Тапсырмада көрсетiлген адамдар ғана жүзеге асырады. 47. Бақылау объектісінің лауазымды адамына (адамдарына) Тапсырма көрсетілген сәттен бастап, бақылау жүргізу басталды деп есептеледі. 48. Тапсырмамен танысудан бас тарту, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, сондай-ақ объектіге кіргізуден немесе ақпарат беруден бас тарту туралы актіні толтыру бақылау жүргізуді болдырмауға негіз бола алмайды. 49. Бақылау жүргізу бақылау объектісінің қызметіне кедергі келтірмеуі тиіс. 50. Бақылау жүргізу бақылау объектісінің жұмыс режимі мен күн тәртібіне сәйкес жүргізіледі. 51. Басқа мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау объектісінде белгілі бір мән бойынша, әрі белгілі бір кезеңде бақылау іс-шараларын жүргізгені және/немесе құқық қорғау органдарының құқық белгілеуші және өзге де бастапқы құжаттарды алып қойғаны анықталған жағдайда, бақылау тобының жетекшісі бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адамға бақылау іс-шараларын одан әрі жүргізудің орындылығы туралы және бақылау бағдарламасын өзгерту туралы өтінішхат дайындайды. Бақылау жүргізуге жауапты лауазымды адам бақылауды жүзеге асыруда туындаған кедергілерді жойылмайтын деп таныған жағдайда, бақылаудың мерзімін ауыстыру не бақылау іс-шарасын жүргізуді орынсыз деп тану туралы шешім қабылдауы үшін сыртқы бақылау органы басшысының атына тиісті ақпарат дайындайды. 52. Бақылау барысында бақылау бағдарламасында қамтылмаған, бiрақ бақылау мәнін толық зерделеуге қажеттi мәселелер туындаған жағдайда, бақылау объектiсi бақылауды жүзеге асыратын адамның сұратуы негiзiнде аталған материалдарды ұсынады. 53. Сыртқы бақылау органының қызметкерлері іс жүзінде тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және белгілі бір жұмыс түрлерін (көлемін) орындау мәнінің анықтығын растау және/немесе осыған байланысты дәлелдер жинау үшін бақылау объектісінің басшысы уәкілеттік берген адаммен бірге бақылау өлшемін (тексеру және басқа да қажетті іс-қимылдар) (бұдан әрі – бақылау өлшемі) жүргізеді. Бақылау объектісінің басшылығына бақылау өлшемінің жүргізілетіні туралы жазбаша түрде хабардар етіледі және оған тапсырыс берушінің өкілдерінің, қажет болған жағдайда өнім берушінің (мердігердің) және басқа да қатысы бар адамдардың толыққанды бақылау өлшемін жүргізуге қажетті бақылау-өлшеу аспаптарымен бірге қатысуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс беріледі. Соның қорытындысы бойынша бақылау өлшемі актісі екі данада ресімделіп, бақылау өлшемінің жүргізілген күні, орны, мақсаты, нәтижелері және оны жүргізуге қатысқан адамдар көрсетіледі, оған олар қол қояды. Қол қойылған актінің бір данасы бақылау органының қызметкеріне қалдырылады, ал екінші данасы бақылау объектісіне табыс етіледі. ??????? ???????????? (???????? ?????????) ???????? ?????? ??? ?????? ??? ??????? ????????, ??????? ??? ?????? ??? ???????? ??????? ????? ????????. ??????????? ??????? ????????? ??????????? ????????? ?????? ???????? (????????) ?????? ????????, ??????? ????????? (???????? ??????) ????????? ?????? ??? ?????? ??? ????? ????? ??????????? ?????? ??????????? ???????? ??????? ???????? ????????? ??? ??????? ????? ???? ???????. ??????? ???????????? ????????? ????? ??????? ????????? ????????????? ??? ??????? ????????, ?????? ??????? ????????? ?????????? ????????? ??????? ????????? ?????? ??????? ????? ??????? ???????? ?????. 54. ???? ??????? ??-?????? ????????? ??????? ??????i?i?i? ??i??i ??????????? ???????? ?????????-???????? ?????????????, ???? ??????????? ??? ????? ??????????????? ?????????, ?? ??????? ??????????? ?????????????, ??????????? ???????????? ???? ???????????? ??????i??????, ??????-?? ????????? ???????????? ????????????, ???? ?????? ??????????? ????? ??? ?????? ????????? ???????????? ????????? ??????? ????i? ??????????, ?????? ??????? ????i?i???i. 55. ?????? ??????? ????????? ??????? ?????????? ????????, ??? ??? ???????? ??????????? ?????? ??????, ??? ?????? ??????? ????????? ????????????? ????????? ??????? ??????????? ?????????, ????? ????????? ?????????? ?????. ????? ????????? ??? ??????? ???????????? ??????? ????????? ????? ?????????? ???????????? ???????? ????. 56. ???????? ??????????? ??????? ????????? ?????????? ????? ????????????? ???????? ???? ?????? ????????? ??????????????? ?????????? ??????? ?????????? ??? ????????? ???????????? ????????? ?????? ?????? ?????????. 57. Бақылау объектісінің (тапсырыс берушінің) өкілдері актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, олардың қол қоюдан бас тартқаны жөнінде белгі қойылады. Жүргізілген бақылау өлшемінің нәтижелерін растайтын тиісті негіздер (дәлелдер) болған жағдайда, бақылау объектісі (тапсырыс беруші) тарапынан актіге қол қоюдан бас тарту өлшем нәтижелерін сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне енгізуден бас тартуға негіз бола алмайды. Бақылау объектісінің лауазымды адамы бақылау өлшемінің жүргізілуінен бас тартқан жағдайда, сыртқы бақылау органының қызметкері бақылауға жауапты лауазымды адамды аталған факті жөнінде хабардар етеді. 54. Егер бақылау іс-шарасы барысында бақылау объектiсiнiң үшiншi адамдарымен жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерінің, есеп айырысулары мен қаржы операцияларының анықтығын, іс жүзінде тауарлардың жеткізілгенін, жұмыстардың орындалғанын және қызметтердің көрсетiлгенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау мүмкiн болмағанда, үстеме бақылау жүргiзiледi. 55. Сыртқы бақылау органының басшысы негіздерін көрсетіп, әрі осы Ереженің қағидаларын сақтай отырып, осы сыртқы бақылау органының қызметкерлері жүргізген бақылау нәтижелерін бақылауды, қайта тексеруді тағайындай алады. Қайта тексеруді осы бақылау объектісінде бақылау жүргізуге бұрын қатыспаған қызметкерлер жүргізуі тиіс. 56. Режимдік мекемелерде бақылау жүргізуге байланысты құпия материалдарды зерделеу және талдау Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 57. Бірлескен немесе параллель бақылау іс-шаралары мынадай ұйымдық нысандарда: 1) бюджеттің түрлі деңгейіндегі бақылау органдарының, сондай-ақ бақылау-қадағалау функциялары берілген басқа да мемлекеттік органдардың әрқайсысы жеке немесе олардың өкілдерінен бірлескен жұмыс тобын қалыптастырып, кейіннен бақылаудың нәтижесі бойынша жеке немесе бірлескен қорытынды құжат дайындай отырып, бақылау нәтижелерімен алмасу арқылы; 2) басқа елдердің жоғары қаржы бақылау органдарымен бірлескен немесе параллель бақылау жүргізу кезінде әрбір тарап жеке топ қалыптастырып, кейіннен бақылаудың нәтижесі бойынша жеке қорытынды құжат дайындай отырып, бақылау нәтижелерімен алмасу арқылы жүргізіледі. 58. Бірлескен немесе параллель бақылауды ел ішінде жүргізу мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттері мен олар үшін көзделген тәртіпті ескере отырып, бірлескен немесе параллель бақылаудың жеке немесе жалпы бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. 59. Бірлескен немесе параллель бақылау бағдарламасының жобасын дайындауды сыртқы бақылау органы немесе екінші тараптың келісімі бойынша бірлескен бақылау жүргізуге бастама көтерген бақылау-қадағалау органы жүзеге асырады. 60. Қызметкерлерді іссапарға жіберуді, сондай-ақ іссапар шығыстарын төлеуді әрбір орган дербес жүргізеді. 61. Шетелдердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен бірлескен немесе параллель бақылау республикалық, жергілікті бюджеттер қаражатының, бюджеттік инвестициялардың және қа­ты­сушы елдердің аумақтарында орналасқан жекелеген объектілерді бірлескен үлестік қаржы­лан­дыруға бағытталған бюджеттер қаражатының пайдаланылуын бақылау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттары мен келісімдерінде көзделген басқа да жағдайларда жүргізіледі. 62. Бірлескен немесе параллель бақылауды жүргізу үшін сыртқы бақылау органы жоғары қаржы бақылау органдарының бір немесе бірнеше органымен ақпарат алмасып, онда: 1) бірлескен немесе параллель бақылаудың тақырыбы; 2) бақылаудың мақсаты, міндеттері мен мәселелері; 3) бақылау объектілері; 4) бақылау жүргізудің мерзімі; 5) бақылауды жүргізуге жауаптылар; 6) ұлттық заңнамада, шетелдердің қаржылық бақылау органдарымен ынтымақтастық туралы келісімдер мен шарттарда айқындалған әрбір Тараптың функциялары мен бақылау өкілеттіктеріне сүйене отырып, олардың қатысу шарттары мен мәселелері; 7) Тараптардың бақылауды жүргізуге байланысты жұмыстарды қаржыландыру бөлігіндегі міндеттемелері; 8) ақпарат алмасу және бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі, оның ішінде қорытынды құжаттың нысаны; 9) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша шешімдер дайындау және қабылдау тәртібі; 10) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің атқарылуын бақылау тәртібі айқындалады.  

6. Әкімшілік жауапкершілік туралы хаттаманы толтыру тәртібі

63. Бақылау объектiсiнiң басшысы немесе басқа лауазымды адамы бақылау жүргізуге құқық беретін Тапсырманы көрсеткен сыртқы бақылау органының қызметкерін бақылау объектісіне кіргізуден, бақылау жүргізуге қажетті ақпаратты беруден бас тартқанда, сондай-ақ бақылау актісін қайтармағанда және (немесе) оған қол қоймағанда сыртқы бақылау органының қызметкері Қазақстан Республи­касының Бюджет кодексінің 146-бабында белгіленген бақылау объектісі басшысының міндеттерін (бақылау объектісі басшысының сыртқы бақылау органының қызметкерлерін жұмыс орындарымен, бақылауды жүзеге асыруға қажетті барлық сұратқан құжаттамамен, ақпаратпен қамтамасыз ету, бақылау актісіне қол қою, оны қайтару жөніндегі міндеттер) атқаруы туралы талапты (бұдан әрі – талап) күнін, уақытын, орнын, құқыққа қайшы әрекетке жол берген лауазымды адамның деректерін, өзге де қажетті ақпаратты көрсете отырып, екі данада толтырады. Талаптың бір данасы бақылау объектісінің басшысына қолхатпен беріледі, ол қолхатпен оны алмаған жағдайда, талап бақылау объектісінің кеңсесі арқылы жіберіледі. 64. Егер бақылау объектісінің басшысы талапта көрсетілген мерзім аяқталған соң да Бюджет кодексінің 146-бабында көзделген міндеттерін орындамаса, сыртқы бақылау органының қызметкері дереу, ал егер әкімшілік құқық бұзушылықтың жағдаяттарын және жеке тұлғаның жекебасын қосымша анықтау қажет болғанда үш тәулік ішінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБКо) 356-бабы негізінде (ӘҚБКо-нің 635-бабына сәйкес) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру кезінде өзіне қатысты іс қозғалған лауазымды адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына ӘҚБКо-нің 34-та­рауында көзделген олардың құқықтары мен міндеттері түс