08 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №08-3/383

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 7 шілде,  Астана қаласы «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауiпсiздiк департаментi (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр   А.МАМЫТБЕКОВ. ТОЛЫҚ МӘТІН