Аймақтар • 21 Шілде, 2017

Ипотекамен үй алудың игілігі

146 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Атырау облысында 291,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Саладағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22,6 пайызға көбейген. Қазір «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 37 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Ипотекамен үй алудың игілігі

Облыстық құрылыс бас­қар­­ма­сының басшысы Мә­лік Ама­нов­тың айтуынша, инже­нер­лік-ком­муникациялық ин­фра­құ­ры­лымға биыл 11,2 млрд теңге қа­ралған. Соның ішінде Ұлттық қор­­дан бөлінген 6 млрд теңгеге 21 жоба, рес­публикалық бюджеттің 3,3 млрд теңгесіне 7 жоба жүзеге асы­ры­лады. Ал жергілікті қазы­на­д­ан осы мақсатқа 1,9 млрд теңге бө­лі­ніп отыр. 
Қарқынды құрылыстың арқа­сын­да облыс орталығының аумағы ке­ңейіп, жаңа шағын аудандар бой көтерді. «Береке», «Нұрсая» ша­ғын аудандарында алдағы жылы 43 көп пәтерлі тұрғын үйдің құры­лы­сы басталады. Жеке тұрғын үй құ­ры­лысының бірыңғай сәу­ле­т­-
­тік келбетін жасау мақсатында әкім­дік ин­же­нерлік коммуникация­сы тартылған 400 учас­ке дайындады. Қазір құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің сыз­балары бойынша 80 тұрғын үйге жобалық-сме­та­лық құжат жасақтауға тендерлік рә­сімдер жүріп жатыр. 
Бұқараны баспанамен қамтуға ба­ғытталған «Нұрлы жер» бағ­дар­ла­масының арқасында ипотекалық қарызбен тұрғын үй алу қол­же­тім­ділігі артатыны да жақсы жаңалық. Бұрын ипо­текамен тұрғын үй сатып алушылар екін­ші деңгейлі банктерге 17 пайыз үстеме төлеуге тиіс болса, енді «Нұрлы жер» мем­ле­кеттік бағдарламасының аясында оның 6-7 пайызын мемлекет суб­сидиялайды. 
– Соның нәтижесінде қарыз алу­шының ай сайынғы төлемі 30-40 пайызға азаяды, – дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы. – Бағдарламаға қатысу үшін ипотека кезегіне тұру талап етіл­мейді, тұрғын үйлерінің саны ма­­ңызды емес және қосымша ко­мис­сиялар жоқ. «Нұрлы жер» бағ­дар­ламасы бойынша еліміздің кез кел­ген азаматы ипотекалық қарыз алуға өтініш бере алады. 
Бұл бастама баспана алғысы ке­летіндерге де, бағдарламаға қа­ты­сатын үй салушыларға да тиімді бол­ғалы отыр. 
– Екінші деңгейлі банктер суб­­сидиялау туралы шешім қ­а­был­данған кезде Ұлттық банк­тің базалық мөлшерлемесінің 5 пайызынан аспайтын сыйақы мөл­шер­лемесі бойынша қарыз береді, – дей­ді «Даму» қорының Атырау об­лысы бойынша аймақтық бө­лім­шесінің директоры Əлия Өтепқалиева. 
Жеке құрылыс компаниялары «Нұрлы жер» бағдарламасына қызығушылық танытуда, қазір банктер бірнеше жобаларды қарап жатыр. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар