ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017

Австрия табыстарымен танысты

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған бірқатар үздік тәжірибе «Болашақ энергиясы» форумының қатысушыларына толығырақ таныстырылды. Оның қатарында австриялық компанияның күн энергиясын шоғырландыру жобасы мен су электр стансаларына арналған құрал-жабдықтары бар.

Австрия табыстарымен танысты

Жиынның VI отырысында «Астана ЭКСПО-2017» ұлт­тық компаниясы бас­қар­ма төрағасының орын­басары Ербол Шор­манов сөз сөйледі. Ол алқалы бас­­қ­осуда екі күн­дік кон­фе­ренцияның бағ­дар­ла­­масы қаржыландыру, инвес­тиция, инновациялық «жасыл технологияны» да­мыту, баламалы қуат көз­дерін зерттеу, еңбек на­рығы мен азаматтарды за­манауи мамандықтарға оқы­­ту тақырыптарын қам­ти­тынын жеткізді. Сон­дай-ақ, ЭКСПО ау­ма­ғын­да орналасқан үз­дік тә­жі­ри­белер пави­ль­оны­ндағы ерек­ше жобалар толығырақ та­ныстырылатынын айтты.
Спикерлер қатарындағы Ұлт­тық экономика, Инвес­ти­циялар және даму ми­ни­стрліктерінің және Окс­форд университетінің өкіл­дері «жасыл энергети­каны» дамы­ту жолдары ту­ралы пі­кір алмасты. Бағ­дар­лама шең­­берінде өзге де шет­ел­дік сарапшылар мен кә­сіп­керлер, экологиялық та­за қуат көздерін жаңғырту са­ласын инвестициялау та­қы­рыбын талқылады.
29 маусымда басталған фо­рум 5 қыркүйекке дейін жалғасады.