ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017

Оңтүстіктен Көрмені тамашалауға тағы бес жүз оқушы келді

143 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысынан ЭКСПО-2017 ха­лық­­­ара­лық көрмесіне 3750 оқушы әкелу жос­пар­ланған. Оның 2 мыңнан астамы айтулы шараны тамашалап үл­гер­ді. Алдағы уақытта халықаралық көрмеге 1,5 мыңнан ас­там оқушы келеді. Ал кеше халықаралық шараға 500 оқу­шы табан тіреді.

Оңтүстіктен Көрмені тамашалауға тағы бес жүз оқушы келді

«Өңірден осы күнге дей­ін оның 2 мыңнан астамы жет­кін­шекті күллі әлем көз тіккен көр­меге әкеліп үлгердік. Ал қал­ғаны қыркүйек айына дейін Астананы және ЭКСПО-ны тама­шалайтын болады. 
Саяхаттың алғашқы кү­нін көрменің басты ныса­ны «Нұр әлем» павильонынан бастадық. Кейін шет мем­ле­­кеттердің павильонын ара­лай­­мыз. Жоспарға сәйкес, оқу­шылармен ЭКСПО-2017 көр­месінде екі күн боламыз», дейді Оңтүстік Қазақстан об­лыстық білім басқармасы ұй­ымдастыру бөлімінің бас­шы­сы Ердос Нышанов. Ол жас­­өспірімдердің жол шы­ғы­нын мемлекет пен де­ме­у­ші­лер та­рапы көтере­тін­дігін жет­кіз­ді. Облыс­та 15 аудан бол­­­са, он­дағы демеушілер қай­ы­рым­ды­­лық шарасына бел­сен­ді атса­лысуда. 
«ЭКСПО-2017 көрмесін та­машалау үшін өңірдегі әлеу­­­мет­тік аз қамтылған отба­сын­дағы балалар мен оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан әрі білімі мен өнегелі тәрбиесі бар оқушыларға арнайы жолдама бе­рілді. Осындай жолмен оқушыларды іріктеп алдық», дей­ді Ердос Нышанов. Оның айтуынша, оңтүстіктің оқу­шы­лары елордаға он автобуспен келген. Әр автобуста бір дә­рігерден бар. Олар кез келген уақытта медициналық кө­мек көрсетуге дайын.
«Мен Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауда­нын­дағы Сәкен Сейфуллин атындағы №15 орта мектепте оқимын. Биыл 10-сыныпты бітіріп, 11-сыныпқа өттім. Ме­нің арма­ным бас қаламызда өтіп жат­қ­ан ЭКСПО-2017 көр­месін та­ма­ша­лау болатын. Бүгін сол ар­­маным орындал­ды. Мен өте қуаныштымын. Біз өз саяхатымызды «Нұр әлем» павильонынан бастадық», деді саяхатшы Әйгерім Құ­ралбек.