Қазақстан • 21 Шілде, 2017

Қазақстан туристік қауіпсіздік жағынан дамыған елдерден озып кетті

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзі экономикалық форумының индексіне сәйкес Қазақстан туристік қауіпсіздік жағынан 58-ші орынға көтерілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат

Қазақстан туристік қауіпсіздік жағынан дамыған елдерден озып кетті

«Осылайша, аталған көрсеткіш бойынша біз АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерді басып оздық. Алайда, саяxат пен туризм саласындағы бәсекелестік жағынан Қазақстан Дүниежүзі экономикалық форумының индексінде 81-ші орында тұр», – дейді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов.

Оның айтуынша, бүгінде әлем бойынша туристердің саны өсіп келеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, шетелге шығатын туристердің саны 1,2 млрд-қа жетті.

Айта кетейік, бүгін туристік саланы дамытуға арналған жиында вице-министр Асқар Баталов Қазақстанға қытайлық туристерді көптеп тарту қажеттігін де жеткізді. Себебі Қытай Халық Республикасы сыртқа шығатын туристер саны жағынан көш бастап тұр.