Үкімет • 21 Шілде, 2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысады, деп хабарлайды primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары облыстың Баянауыл ауданынан басталды, онда туризмді дамыту, инфрақұрылымдық дамыту мәселелері, сондай-ақ, «Сакралды Қазақстан» және «Туған жер» жобалары аясындағы міндеттер қаралды.

Өңірде Бақытжан Сағынтаев облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының жаңғыртылу үдерістерімен танысады, олардың қатарында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС мыс кенін өндіру мен қайта өңдеу өндірісі, «R.W.S. Whelset» теміржол білігі зауыты, «Проммашкомплект» теміржол дөңгелектерін шығару цехы, «Павлодар мұнай-химия зауыты», «Қазақстан электролиз зауыты» бар.

Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту мәселелері жөнінде арнайы кеңес өткізеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Павлодар» АЭА-на барады, облыстың бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездеседі, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс қарқынымен және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының инфрақұрылымдық міндеттерін іске асыру жұмыстарымен танысады.