Қазақстан • 21 Шілде, 2017

Түркияда зілзала салдарынан қазақстандық туристер далада түнеді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі журналист Ержан Сүлейменов Фейсбуктегі парақшасында қазақстандықтардың Бодрумдағы (Түркия) жер сілкінісін қалай бастан өткергендігін жазды

Түркияда зілзала салдарынан қазақстандық туристер далада түнеді

«Түнде Бодрумда жер сілкінді. Сағат 01.45 кезінде дүмпу қатты сезілді, одан кейін әр 15 минут сайын аздап қайталанып отырды. Қауіптенген халық далаға түнеуге шықты», – деп жазды журналист.

Эгей теңізі жағалауындағы зілзала салдарынан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтардың жоқ екендігі анықталды.

Еске сала кетейік, бейсенбіден жұмаға қараған түні Эгей теңізінде болған жер сілкінісі салдарынан Грекияның Кос аралындағы демалыс орнында екі адам қаза тапты.