Өртті ауыздықтауға 9 техника, 30 адам жұмылдырылғанымен, «тілсіз жау» бірінші ькорпустың 3600 шаршы метрін қамтыған. Хабардың кеш түсуіне байланысты сэндвич-панельдерден құрастырылған ғимараттың көп жері зақымданып, шатыр опырылып түскен. Түтіннен уланған 28 мегежін мен 95 торай қырылып қалған.
100 мың басқа есептелген шошқа кешені 2007 жылы пайдалануға берілген болатын.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы