Қаржы • 21 Шілде, 2017

Лондонда Құқықтық консультативтік кеңес отырысы өтті

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Лондонда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жанынан құрылған Құқықтық консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Қаржы орталығының баспасөз қызметі.

Лондонда Құқықтық консультативтік кеңес отырысы өтті

Жиынға АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Ұлыбританияның осы Құқықтық консультативтік кеңес құрамына кіретін белді заң компаниялары өкілдері қатысты.

Жиында АХҚО-ның бірқатар акт жобалары қарастырылып, қабылданды.

Сонымен қатар Лондонда АХҚО Басқарушысының қатысуымен ағылшын жалпы заңы аясында жұмыс істейтін АХҚО қаржылық соты судьялары қызметіне кандидаттарды қарастыру процесі басталды.