Үкімет • 21 Шілде, 2017

Бақытжан Сағынтаев «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын аралады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын аралады және іске асырылып жатқан жобалармен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын аралады

«Павлодар» АЭА қызметінің басымдықты түрі химия және мұнай-химия салаларындағы өңдеу өнеркәсібі болып табылады.

АЭА-да іске асырылған жобалардың бірі «УПНК-ПВ» ЖШС болып табылады, ол «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қажеттіліктері үшін мұнай коксын қыздырумен айналысады. «УПНК-ПВ» ЖШС директоры Н. Әубәкіров кәсіпорында өнімділік пен өнім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар және инновациялық технологиялар қолданылатынын баяндады. Отандық нарықпен қатар өнімді Ресей Федерациясына және Қытайға экспортқа жіберу мүмкіндігі пысықталуда.

Бұдан өзге, «Павлодар» АЭА аумағында «Gissenhaus» ЖШС-нің қосындыланған алюминий өндіру бойынша жаңа жобасы іске асырылды. Зауыт директоры Э. Шфец жоба қуаты жылына 36 мың тонна алюминийді құрайтынын баяндады. Шикізат көзі «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның сұйық түріндегі бастапқы, сондай-ақ құйма түріндегі алюминий болып табылады.

Кәсіпорын өнімі ішкі нарықта өткізіледі және алюминийден жасалған жоғары технологиялық бұйымдарға сұранысты қамтиды, сондай-ақ экспорт нарықтары перспективалы болып табылады.

Жоба алюминий өндірістері кластерін құру шаралары аясында іске асырылды және Қазақстан металлургиясы тарихындағы бір аумақта алюминийді қайта балқытудың барлық түрлерінің өндірісі шоғырланған алғашқы кәсіпорын болмақ. Бұл металлургия өнеркәсібін дамытудың жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді.