Аймақтар • 21 Шілде, 2017

Қостанай облысында 13-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2014-2016 жылдары аралығында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс өңірінде 12 өрт бекетін құрған болатын. Олар орман-дала аумағына жақын орналасқан 59 ауылды, жалпы 29,5 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді өртке қарсы іс-қимыл, тілсіз жаудан қорғау жұмыстарымен  қосымша қамтамасыз етеді.

Қостанай облысында 13-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

Сонымен қоса, Қостанай облысының ТЖД ұйымдар теңгерімдеріне техникалық жарамды және өртке қарсы жинақталған құралдары бар 6 өрт автокөлігі табысталды. Ағымдағы жылдың 6 айында құрылған өрт бекеттері мемлекеттік өртке қарсы қызметтерін қатыстырмай-ақ 132 гектар алқапта тұтанған 42 дала өртін сөндірді.

Енді биыл жергілікті атқарушы органдармен бірлесе өрт қауіпті маусымында облыс бойынша 13-ші өрт бекеті Қостанай ауданы аумағында ашылды.

Бекеттің салтанатты ашылуында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Кәкімов және аудан, селолық округ, жергілікті шаруашылық басшылары, тиісті мамандар қатысты.

Талғат Базарбайұлы облыста әрбір ашылып жатқан жаңа өрт деполары табиғат апатына қарсы   жаңа күш  қосатынын, тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін көтеретінін айтты.  

Қостанай ауданының Половников селосында ашылып жатқан өрт бекеті жақын маңайдағы  Половников, Глазунов, Жақсылық селоларын, сондай-ақ, жалпы 1876 астам тұрғыны бар елді мекедерді және орман дала аумақтарын қосымша өрттен қорғайтын болады.  

Нәзира Жәрімбет,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ