Президент • 21 Шілде, 2017

Елбасы жаңадан сайланған Үндістан Президентін құттықтады

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рам Натх Ковиндке Үндістан Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы жаңадан сайланған Үндістан Президентін құттықтады

Елбасы барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан жаңадан сайланған Үндістан Республикасының Президентін құттықтады.

«Біз халықтарымыздың өсіп-өркендеуі жолында достық қарым-қатынасымыз бен тығыз ынтымақтастығымызды нығайту үшін бар күш-жігерімізді жұмылдыратынымызға сенімдімін.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Үндістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.