Үкімет • 21 Шілде, 2017

Үкімет басшысы Павлодардағы тұрғын үй құрылыстарын аралады

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы тұрғын үй құрылысы барысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Үкімет басшысы Павлодардағы тұрғын үй құрылыстарын аралады

Павлодар облысында 2020 жылға дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1 млн астам ш. м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде 4 909 несиелік тұрғын үй пәтері және 868 арендалық тұрғын үй пәтері. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданын аралау барысында баяндалды.

Бақытжан Сағынтаев «Сарыарқа», «Достық» шағын аудандары құрылысының бас жоспарымен танысты, онда жалпы 100 га-дан астам ауданда 400 мыңнан астам ш. м. тұрғын үй, 4 балабақша, мектеп, емхана және әлеуметтік және мәдени-спорттық мақсаттағы басқа да нысандар пайдалануға беріледі.

Облыс орталығында және өңірдің ірі өнеркәсіп орталықтары – Екібастұз және Ақсуда жеке тұрғын үй құрылысын дамыту шаралары қолданылуда. Облыста 2020 жылға дейін барлығы шамамен 437 мың ш. м. жеке тұрғын үй салу жоспарланған.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс орталығының инфрақұрылым нысандарын дамытумен танысты және Ертіс өзенінің үстімен өтетін көпір өткеліне барды. Орталық Азия елдеріндегі ең ірі көпір құрылысы еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған. Көпір «Орталық-Шығыс» көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылады.

Көпірдің жалпы ұзындығы - 12,3 км, өткізу қабілеті – тәулігіне 10 мың автомобильге дейін. Өткел транзиттік автомобильдер үшін шамамен 40 шақырым қысқартуға мүмкіндік береді.