Қазақстан • 22 Шілде, 2017

Елордада Ақтөбе облысының жәрмеңке күндері өтіп жатыр

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 шілде күндері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында астаналықтар үшін «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды elorda.info.

Елордада Ақтөбе облысының жәрмеңке күндері өтіп жатыр

Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, ақтөбеліктер жәрмеңкеде 300 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынбақ.

Жәрмеңкеге 6 аудан мен Ақтөбе қаласынан 50-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.

Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 10-15% төмен болады. Жеткізілген өнім қатарында еттің барлық түрі - 124 тонна, картоп және көкөніс -26 тонна, сүт өнімдері - 27 тонна, өсімдік майы - 15 тонна, жұмыртқа - 21 мың дана бар.

Сондай-ақ, шұжық және консерві өнімдері және жылыжай өнімдері ұсынылады. Сондай-ақ бірқатар қайта өңдеу кәсіпорындарының сүт өнімдері, қымыз, шұбат, ешкі сүті, ұн, макарон өнімдерін сатып алуға болады. Іс-шара Ақтөбе облысының биші, әнші әртістерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен қатар өткізіледі.