Кәсіпқой бокс • 22 Шілде, 2017

Абель Санчес: Головкин қартайып қалды дейтіндер қателеседі

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес соңғы екі айқасын көріп, GGG қартая бастады дегендерге жауап берлді, деп хабарлады sports.kz.

Абель Санчес: Головкин қартайып қалды дейтіндер қателеседі

«Геннадий орта салмақтағы әлемнің екінші мықты боксшысын (Дэниэл Джейкобс) жеңу үшін жеткілікті жоғары деңгейде болды. Ол келесі жекпе-жекке де толығымен дайын.

Шәкіртімді қартайып қалды дейтіндер қатты қателеседі. Мәселен, Шейн Мосли 2010 жылы Флойд Мэйуезерді есеңгіреткенде немесе Маркос Майдана оған 2014 жылғы айқаста ауыр соққыларын дарытқанда, ол кәрі болды ма? Сонда Ковалев қарашадағы жекпе-жекте құлатқан Андре Уорд та кәрі ме? Оларға неге бұл сұрақ қойылмады?» деді Санчес.