Әлем • 22 Шілде, 2017

Түркиядағы ҚР Елшілігі Бодрумдағы қазақстандықтармен байланыс орнатты

194 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жер сілкінісі тіркелген Түркияның Бодрум провинциясында 51 қазақстандық демалуда. Бұл туралы Түркиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі Facebook парақшасында хабарлады.

Түркиядағы ҚР Елшілігі Бодрумдағы қазақстандықтармен байланыс орнатты

21 шілдеде басталған Түркияда Эге теңізінің жағалауындағы аймақтарда жер сілкінісі мезгіл-мезгіл қайталанып отыр. Бодрум провинциясы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 21 шілдеде жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 20:09-да 5 баллдық магнитудада жер сілкінісі бір рет қана орын алды, сондай-ақ мезгіл-мезгіл қайталанып отырған сілкіністердің 4 баллдық магнитудадан аспауда. Ыстанбұл техникалық университетінің Геофизика бөлімінің мамандарының хабарлауынша ендігі кезекте алғашқы жер сілкінісінен кейін тағы бір жоғары сілкініс болу ықималы өте аз. Өз кезегінде, 5 балдан төмен қосалқы сілкіністер 3 аптаға созылуы мүмкін.

ТР Кандилли жер сілкінісі обсерваториясының директоры Халук Өзенердің айтуынша Түркия аумағының 80-85 пайызында жер сілкінісі болу қаупі бар. Әр 25-30 жылда жаңа бір жер сілкінісі, әр 1,5-2 жылда күштілігі 6 баллдан асатын жер сілкінісі болып отыруы мүмкін. Қазіргі таңда түрік үкіметі аталған жағдайға байланысты дағдарыс орталығын құрған. Осы ретте, Бодрум аймағындағы ғимараттардың алғашқы жер дүмпуінде кішігірім зардаптардың орын алуы, осы аймақтағы ғимараттардың аласа болуы және сапалы болуының арқасында болып отыр. Жергілікті ресми мәліметтерге сәйкес, зілзалалар салдарынан қаза тапқандар тіркелмеді, жарақат алғандардың ішінде ҚР азаматтары жоқ.

Бодрумдағы туристтік нысандар және жергілікті әуежай, халықаралық бағыттағы әуекомпанияларының ұшулары тұрақты түрде жалғастырып жатыр.

ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы жергілікті билікпен, қазақстандық туристік операторлармен (әсіресе, Бодрум бағытында жұмыс істейтін қазақстандық «Компас» туристік компаниясымен) және Алматы - Ыстанбұл (Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайы) - Бодрум бағыты бойынша тұрақты ұшатын Пегасус әуежолдары компаниясының өкілдерімен тығыз байланыс орнатылды. Пегасус әуе жолдарының мәліметтеріне сәйкес, әуе компанияның тұрақты Алматы-Ыстанбұл-Бодрум бағыттары бойынша ұшулары кестеге сәйкес жалғастырылуда.

Телефон соққан ҚР азаматтарымен және Бодрумда орналасқан қонақ үйлермен жеке-жеке байланыс құрып азаматтарымыз жайында ақпарат жинақтау жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі таңда аталған аймақтардағы 20-ға жуық ҚР азаматтарымен байланыс орнатылды. Қолда бар ақпаратқа сәйкес туристік агенттіктер арқылы Бодрум провинциясында 51 ҚР азаматтары демалуда. ҚР азаматтарының қалауы бойынша Түркияның басқа аймақтарында демалыстарын жалғастыру үшін туристік агенттіктермен хабарласып, ҚР азаматтарымен тікелей байланыс орнатылды.

Бодрум бағытында жұмыс істейтін қазақстандық «Компас» түристік агенттігінің ақпаратына сәйкес, Пегасус әуекомпаниясымен алдағы аптада шамамен 60 ҚР азаматтарының Бодрум қаласына ұшулары күтілуде. Түрік әуе жолдары ү.ж. 22 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-да 157 адамдық ТК 4910 рейспен қосымша тасымалдау жасайтыны және күнделікті рейстерге жолаушы санын арттыратыны туралы хабарлайды.

Жалпы алғанда, Елшілік, Ыстанбұлдағы және Анталиядағы консулдық ахуалды бақылауда ұстауда. Отандастарымыздың ақпарат және көмек алу бойынша тікелей және жедел байланыс құрылған. Олар:

- Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі (Анкара қаласы): +90 312 491 91 00- ішкі нөмірі: 9

- ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы: +90 212 662 53 47/48- ішкі нөмірі: 111

- ҚР Анталиядағы консулдығы: +90 242 324 26 11