Аймақтар • 23 Шілде, 2017

Қостанайдағы әскери бөлімшеде сарбаздар ант берді

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы №6697 әскер бөлімшенің енді қосылған жас сарбаздары Отанына, оның заңды сайланған Президентіне адал болуға ант берді.

Қостанайдағы әскери бөлімшеде сарбаздар ант берді

Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен жастар Қазақстанның оңтүстік облыстарынан, Қарағанды мен Ақтөбеден келген. Ант берген сарбаздар саны 200-ден асып жығылады.

«Бүгін сіздердің өміріңізде ұмытылмас шара өтіп жатыр. Сіздер Отан алдында, Президентке ант бердіңіздер. Қоғамдық тәртіптің, тыныштықтың сақталуына бар күш-жігерлеріңізді жұмсайтын боласыздар. Ер азаматтың, жастардың ең үлкен парызы – ел тыныштығын, Отанды қорғау. Ел сенімін ақтаңыздар!» деді 6697-ші әскер бөлімінің командирі, майор Ерлан Ипатов.

Жастардың ант беру рәсімі салтанатына олардың ата-аналары келіп қатысты. Салтанатқа сонымен қатар, әскери бөлімнің ардагерлері де шақырылды. Олар жас сарбаздарға  және әскери бөлімнің барлық құрамына   жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейдегі белестерін бағындыруларына тілектестік бідірді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»