Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп интернатынан түскен мәліметке қарағанда, осында оқып, жаттығатын Айдананың бапкері - Мұсабек Нарегеев. А.Сұлтанова - болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылардың бірі.
Айта кетейік, бұдан бұрын осы мектептің тағы бір шәкірті Ерлан Оңалов Бішкек қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.