Қазақстан • 23 Шілде, 2017

Елордада бірнеше үй ауызсусыз қалды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада сол жағалаудағы бірқатар көшелердің тұрғындары су құбырындағы апат салдарынан ауыз сусыз қалды. Бұл туралы «Есіл» ауданы әкімдігінің Facebook парақшасында хабарланды.

Елордада бірнеше үй ауызсусыз қалды

«Құрметті «Есіл» ауданының тұрғындары! Бүгін, 23 шілдеде сағат 06:35-те Сығанақ пен Сауран көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды. Қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы»  МҚК  жарылған жерден су ағынын тоқтату, су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін қанша тұрғын үйге ауызсу беру шектелетіні белгілі болады. Ақауды жойғанша суды көлікпен тасу ұйымдастырылады», делінген.