Қазақстан • 23 Шілде, 2017

Елордада қант бекітілген бағамен сатылады

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада тұрақтандыру қоры бекіткен бағамен қант өнімі сатыла басталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордада қант бекітілген бағамен сатылады

«Бағаны тұрақтандыру мақсатында Астана әкімдігі келісіне 260 теңге мөлшерінде белгіленген баға бойынша тауарды тексеру жүргізілуде. Қант қаланың 12 нүктесінде сатылады.

Аталмыш бағада өнімді мына сауда орталықтарынан сатып алуға болады: «Магнум» СО, Алаш 23/1 көшесі: «Магнум» СО, Ш.Уәлиханов 20 көшесі; «Апрель» дүкені, Абылай хан даңғылы; «Апрель» дүкені, Жеңіс, 67 даңғылы; «Шапағат» базары, Бөгенбай, 69 даңғылы; «Астықжан» СО, Ақжол, 31 көшесі;  «Астықжан»СО, Бейсеков, 3 көшесі; «А2» Сауда желісі, «Құлагер» ТК; «А2» Сауда желісі, «Городской романс» ТК; «Кеңмарт» СҮ; Қарағанды-Астана тас жолы, 45 ғимарат.