Екінші орта салмақта (76,2 келі) сынға түскен Еділ Қожамбердиев барлығы төрт раундтық кездесуді өткізді. Кездесу алғашқы раундта-ақ аяқталды. Отандасымыз бастапқы үш минутта өз қарсыласын нокаутқа түсірді. Оған қарсы америкалық Кавариус Хаскинс шыққан болатын.
Осылайша, Қазақстанның тағы бір боксшысы кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастап отыр.