24 Шілде, 2017

Атомдық энергияны бейбіт мақсатта қолдану

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2017 жылдың 20 шілдесінде Қазақстан Республикасы, Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орайластырылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттері комиссиясының арнайы отырысы өтті. Бұл туралы «ФЯРҚО» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Атомдық энергияны бейбіт мақсатта қолдану

Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Атомдық энергияны бейбіт мақсатта қолдану бойынша комиссиясының мүшелері алдында сөз сөйледі. Отырысты Комиссияның төрағасы, «Росатом» атомдық энергия бойынша мемлекеттік корпорацияның Халықаралық қызмет блогының директоры – бас директордың орынбасары Николай Спасский ашқан болатын.

«Уран шығаратын өндірістердің ықпалы тиген аумақтардың рекультивациясы» мемлекетаралық мақсатты бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында Федералды ядролық және радиациялық қауіпсіздік орталығының бас директоры Андрей Голиней баяндады. Комиссия 2016 жылы Бағдарлама аясында атқарылған жұмыс туралы есепті мақұлдады.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Атомдық энергетика және өнеркәсіп департаментінің директоры Батыржан Қаракөзов Қазақстан аумағындағы қалдыққоймалар нысандарын Бағдарламаға қосу туралы бастамасын алға тартты. Бұл оның жүзеге асырылу нәтижесінің ең үздік дәлелі. 

Арнайы отырыс нәтижесінде Қазақстан аумағындағы қалдыққоймалар нысандарын Мемлекетаралық мақсатты бағдарламаға қосу туралы Қазақстан Республикасының бастамасы мақұлданды. Жуық арада Бағдарламаның Тапсырыс беруші-Үйлестірушісі – «Росатом» Мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен бірге ұсыныстарды әзірлеуге кірісіп, ТМД Атқарушы комитетінің талқылауына арналған Бағдарламаға енгізілетін өзгерістерді дайындайды.

Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі  жанындағы Қалдыққоймаларды ұстау бойынша агенттігінің директоры Дамир Құшбақов МАГАТЭ жасап шығарған «Орталық Азиядағы уран мұрасының рекультивациясы» Стратегиялық шеберлік жоспарын ұсынды. Еуропалық қайта құру және даму банкі рекультивациялық жұмыстарды жүргізу үшін демеушілердің қаржысын жинақтайтын арнайы қорды ашқан.

Ресей мамандары басқа Республикаларының өкілдерімен бірлесіп Мемлекетаралық мақсатты бағдарламаның 1-нші кезеңін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды орындап, биыл физикалық жұмыстарға кірісті.