24 Шілде, 2017

Польша президенті сот реформасына вето қоятынын айтты

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польша Президенті Анджеа Дуда дүйсенбі күні үкіметке Жоғарғы сот судьяларын зейнетке жіберу құқығын беретін заңға вето қоятынын айтты, - деп хабарлайды CNN журналисі Элиза Макинтош.

Польша президенті сот реформасына вето қоятынын айтты

Польша Парламентінің қос палатасынан өткен бұл заң польшалықтардың наразылығын тудырып, ел бойынша қарсылық шерулеріне ұласты. Әлі қабылданбаған заң жобасы бойынша Жоғарғы соттың қазіргі судьялары зейнетке кетіп, жаңа судьяларды Әділет Министрлігі тағайындамақ. Шеруге шығушылар жаңа сот реформасының демократияға қарсы екенін және соттың тәуелсіздігін жоятынын айтып отыр. Польшалықтармен қатар, аталмыш заң жобасына АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Еуропалық Одақ алаңдаушылық білдірді. Нәтижесінде Польша Президенті заңның әділеттік сезімін нығайтпайтынын айтып, вето қоятынын жеткізді.