26 Қаңтар, 2010

ІС БАСЫНДАҒЫ ТӨРАҒА КҮРДЕЛІ ІСТЕР ҮСТІНДЕ

1142 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
Жексенбі күні ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хат­шы ­­– Сыртқы істер министрі Қанат Сау­дабаев Брюссель қаласына келді. Ол мұнда Еуроодақ пен ЕҚЫҰ ара­сын­да министрлер деңгейінде сейсенбі күні болатын бір­лес­кен отырысқа қатысады және екіжақты кездесулер өткізеді. Жақсыбай САМРАТ — Брюссельден. ТӨРАҒАЛЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығы қыз­ме­тіне кірісу құрметіне ар­налған салтанатты қа­былдау жасады, деп хабарлады Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі. ІС БАСЫНДАҒЫ ТӨРАҒА КҮРДЕЛІ ІСТЕР ҮСТІНДЕ Еуроодақтың штаб-пәтері Бельгияның астанасы Брюссель қаласында орналасқан. Еуро­па­ның батыс бөлігінде жатқан осы шағын ел де әлемдік пробле­ма­лар­дың шешілуіне белсене қаты­са­тын беделді мемлекеттердің бірі. Биылғы қыс еуропалық мем­ле­кеттерді де қысып тұр деп суыт хабарлар жиі берілгенімен, мұн­дағы ауа райы қай кездегісіндей қоңыржай күйінде екен. Күн райы барынша бұлтты болып, тұман басып, жаңбыр себезгілеп тұрса да ауаның температурасы плюс екі градус. Жұрт жұқа киім­дерімен жалаңбас шауып жүр. Суығы соңғы уақытқа дейін 30 градустан түспей қойған Аста­на­дан келгендерге бұл жәйт аса қы­зық­ты көрінді. Сөйтіп, Бель­гия астанасы әрі Еуроодақтың ор­талығы ЕҚЫҰ-ның Іс басын­да­ғы жаңа төрағасын жылы күн райы­мен қарсы алды. Осыған лайық саяси мәселелер де жылы­шы­рай­лы бола ма деген үміт бар. Жалпы, оны алдағы күндер көрсетеді. Еуроодақ ЕҚЫҰ-ның жаңа төрағасынан көп нәрсенің ше­ші­луіне ықпал етуінен үмітті. Әсіре­се, Одақтың Ресей Федера­ция­сы­мен арадағы келіспеуші­лік­те­рін реттеуге атсалысып, ықпал ете ме деген ойдың  көптігі айқын. Өйткені, Қазақстанды Ресейдің ең жақын әріптесі әрі  дос мемлекеті екенін барлық әлем жақсы біледі. Жалпы, Еуро­одақ Ресейдің Днестр жағалауы мен Грузияның аумағын­дағы әс­кери базаларының сақтал­ғанына наразы. Әсіресе, Ресейдің Гру­зия­ның ішкі  кикілжіңдеріне ара­ла­сып, Абхазия мен Оңтүстік Осе­тияны біржақты танығанын қатты сынауда. Ал экономи­ка­лық са­лада еуропалық авиаком­па­ния­лардың транссібір бағыты бой­ын­ша Ресейдің аумағынан ұшқаны үшін өтемақы алаты­ны­на қар­сылық білдіруде. Әрине, айта берсе мұндай проблемалар көп. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы жаңа төрағасына деген үлкен кө­ңіл бөлу мұнымен ғана шектел­мей­тіні белгілі. Еуроодақты Қа­зақстанның төрағалыққа кірі­сер­дегі Президент Н.Назарбаевтың Үндеуі де қатты қызықтыруда. Кеше Мемлекеттік хатшы – Сырт­қы істер министрі Қанат Сау­дабаев “ЕурАктив” атты бе­делді еуропалық жаңалықтар агенттігіне сұхбат берген еді. Онда журналистерді қазақстан­дық Үндеудің мазмұны мен маңызы қызықтыратыны көрініп тұрды. Өйткені осы тұрғыдағы сұрақтар көп болды. Кеше түстен кейін Мем­ле­кет­тік хатшы – Сыртқы істер ми­нистрі  Еуропалық инвести­ция­лық банктің президенті Ф.Майнштадпен да кездесті. Кез­десу барысында екіжақты қа­рым-қатынастардың перспек­ти­ва­лы м­әселелері талқыланды. Одан кейін Қанат Баймырзаұлы атақты “Интернэшнл Геральд Трибюн” газетіне де сұхбат берді. Мұнда да журналистерді Қазақ­стан төрағалығының бағыттары, Астана қаласына шақырылып отырған саммиттің тақырыбы туралы біршама сұрақтар қызықтыратыны көрінді. Кеше кешке Мемлекеттік хат­шы – Сыртқы істер министрі Еуропалық комиссияның прези­денті Ж.М.Баррозумен де кез­дес­ті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың кейбір өзекті мәселелері талқыланды. Айта кететін жәйт, осы күн­де­рі Брюссельде Еуразиялық эконо­микалық қауымдастықтың Бас хат­шысы Тайыр Мансұров баста­ған делегация Қазақстан, Беларусь және Ресей арасында құрылған Кеден одағының БҰҰ шеңберінде тіркелу тұсаукесерін өткізді. Ертең ЕҚЫҰ ның Іс басындағы төрағасы, жоғарыда айтқанымыздай, Еуроодақпен бірлескен отырысқа қатысады. ТӨРАҒАЛЫҚТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРДЫ Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығы қыз­ме­тіне кірісу құрметіне ар­налған салтанатты қа­былдау жасады, деп хабарлады Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі. Қабылдауға АҚШ Хельсинки комиссиясының тең төрағалары, сенатор Бенджамин Кардин мен конгрессмен Элси Хастингс, АҚШ-тың ықпалды конгрес­смен­дері Эни Фалеомаваега, Дарелл Айса, Дана Рорабахер, Роберт Адерхольт, Мэдлин Бор­далло, сон­дай-ақ Барак Обама Әкімші­лі­гінің, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі­нің, Мемлекеттік депар­та­мент пен Вице-президент офи­сі­нің өкілдері, Вашингтонда тір­келген ЕҚЫҰ-ға қатысушы ел­дер­дің елшілері және америкалық сарапшылар мен құқық қорғау­шылар қатысты. Қазақстан Республикасы Ве­на­да 2010 жылдың 14 қаңтарында өт­кен Ұйым Тұрақты кеңесінің оты­рысында төрағалық етудің бағдар­ла­масымен таныстырған болатын. Сонымен қатар, Қа­зақстан Прези­денті тікелей эфир арқылы Үндеу жасап, Ұйымға төрағалық етудің басым бағыт­тарын жария еткен еді. Елбасы Үндеуінде еліміздің Ұйым ая­сында жүзеге асыратын ауқымды шараларды атаған-ды. Кездесуді Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкі­летті елшісі Ерлан Ыдырысов ашып, қатысу­шыларды Елба­сы­ның Үн­деуінде көрсетілген мәселелермен таныс­тырды және Қазақстан Пре­зи­дентінің Үндеуі­не сәйкес бола­шақ үшін ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерді қауіпсіздікті нығайтып,  ынтымақ­тастықты да­мытуға шақырды. Сонымен қатар, елші Ұйымның ұраны бо­лып табылатын “төрт Т” – “тра­ст” (сенім), “тра­дишн” (дәстүр), “транспаренси” (ашық­тық) және “толеранс” (тө­зімділік) ұғым­дарынан түсінік бер­ді. АҚШ Әкімшілігін Қазақстан Пре­зи­денті Н.Назарбаевтың ЕҚЫҰ саммитін өткізу бастама­сы­на байланысты Ұйым саммитіне дайындық жұмыстарын бірлесіп жүргізуге шақырды. АҚШ Мемлекеттік хатшы­сы­ның Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейк өзінің жауап сөзінде Қа­зақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы бары­сындағы жоспарын ресми Ва­шинг­тон қолдағанын атап өтті. Ро­берт Блейктің атап өтуінше, Қа­зақстан халықаралық қауі­п­сіз­дікті қамтамасыз етуде көш­басшы ре­тін­де танылды, эконо­микалық ре­формаларды сәтті жүзеге асыр­ды. Бұл Қазақ­стан­ның “Ор­талық Азия­ның эконо­микалық дамуы­ның қозғалт­қышы” болуына мүм­кіндік берді. Оның сөзіне қара­ған­да, бүгінде Қазақстан үлкен табыстарға қол жеткізіп, өздерінің мемлекеттігін нығайтып отыр. Оның ішінде демократиялық қоғамды дамыту барысында да ойдағыдай жетіс­тіктерге жетті. Соның нәтиже­сінде Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы рөліне ие болды. Ал елдің ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық етуі Қазақстанның Еуразия жүрегі ретіндегі ұстаны­мын одан әрі нығайта түседі. Америкалық дипломат, сон­дай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық беделді ұйым – Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымын Венадан Шығысқа қарай басқарған ал­ғаш­қы мемлекет екендігін де атап өтті. Осыған байланысты ол Қа­зақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде өңірлік ұстанымдарды нығайту арқылы Ресей мен Оңтүстік Азияны және Батыс Еуропа мен Шығыс Азияны жалғастыратын Ұлы Жібек жолын қайта жаң­ғыртушы ел болатынына сенім білдірді. Сөзінің қорытындысында Роберт Блэйк АҚШ пен Қа­зақстан ЕҚЫҰ аясында бейбіт­шілік пен қауіпсіздікті нығайтуда, эконо­ми­каны дамытып, елдерді өркен­де­туде бірлесіп жұмыс істейтіндігін мәлімдеді. АҚШ Қазақстанды сенімді әріптес деп білетінін, екі ел арасында түрлі салалардағы ын­тымақтастық қар­қынды дамып келе жатқандығын, жаңа мыңжыл­дықта ЕҚЫҰ-ның тиімді жұмыс істейтін­дігіне нық сенімді екен­ді­гін атады. ҚАЗАҚСТАН БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ Берн қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаевтың швейцариялық СІМ және ІІМ басшылығымен кездесулері өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Келіссөздер барысында екі елдің саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сала­лардағы ынтымақтастық жайы мен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, сондай-ақ Швейцарияның Еуропа Одағына төрағалығы мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, наурыз айының басына жоспарланған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Швейцарияға ресми сапарына дайындық жайы мен күн тәртібі талқыланды. Кездесуге қатысушылар алдағы сапар барысында тараптардың  бірқатар маңызды келісімдерге қол қоюға дайын екендіктерін білдірді Швейцария жағы Қазақстанды ЕҚЫҰ-ның Төрағасы лауазымына  кірісуімен құттықтап, төр­аға­лық шеңберінде Астананың барлық баста­маларын өз тараптарынан қолдайтындықтарына сендірді. ӨЗ ҮЛЕСІМІЗДІ ҚОСУҒА ДА ҰМТЫЛАЙЫҚ Виктор ЖАМУЛДИНОВ, әділет полковнигі,  ҚАЖ комитетінің Павлодар облысы  бойынша басқарма бастығының орынбасары. Ағымдағы жыл – қазақ та­рихында алтын әріптермен жазы­ла­тын ерекше жыл. Мұндай тұ­жы­рым жасауға толық негіз бар, се­бебі, биыл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Алты Алаш төрағалық етуде. Құрамына 56 мемлекет кіретін, әлем­дік беделі бар Ұйымға бас­шы­лық ету елімізге үлкен жауап­кер­шілік жүктей­тіні анық. Осы ор­ай­да ЕҚЫҰ-ның негізгі шешімдері мен қауіпсіздікті қам­ту құралда­ры­ның бірі – эколо­гия­лық қауіп­сіз­дік екенін ескерсек, Арал теңізі, “Семей полигоны” сияқты Қазақ­станның ішкі өміріндегі саяси маңызы бар көптеген түйткіл­дер­дің реттелу мүмкіндігі туып отыр. Әсіресе, бұл – шекара бойын қиып өтетін теңіз­дер төңірегіндегі экономикалық һәм экологиялық мәселелерді мем­лекетіміздің пайдасына қарай үйлестіре шешуге жол ашатын маңызды шақ. Басты бағыттардың бірегейі ретінде белгіленген саяси-әскери өлшемдерді алып қарайтын бол­сақ, қауіпсіздік пен сенімділік қа­рым-қатынастарын құру бағытта­ры сан-салалы. Бұл орайда, игі бас­таманың кең өріс алуына құ­қық қорғау органдарының қосар үлесі айрықша екені күмәнсіз. Менің ойымша, аталмыш ба­ғытқа сүйене отырып, Гер­ма­нияның Қазақ­стан­дағы жылында осы елдер ара­сын­дағы пенитен­циар­лық (қылмыстық) жүйеде өзара тәжірибе алмасу шарала­рын ұйымдастыру қажет. Мұндай қа­дам қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) қызметінің кемелденуіне жаңаша серпін берері анық. Бұлай пайымдау себебім, Германия – заң бұзушылық сирек кез­десетін дамыған, өркениетті елдердің бірі, ал бұл сол елде қыл­мыстық әлем­дегі ие­рар­хиялық топтың жоқ­тығын аңғартады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан төрағалығы кезінде ЕҚЫҰ-ның ағымдық қызметіне жетекшілік етеді. Дінаралық және ұлтаралық ымыралас­тық­ты нығай­тудың тиімді тетіктерін жүйелеп, “басқа шауып, төске өрлеп” тұр­ған дағдарыстан шығудың ұтымды амалдарын халықаралық аренада мойындату және оны әлемдік тә­жі­рибеге енгізу – елдің бетке ұстар тұлғаларының басты міндеті.