ЭКСПО-2017 • 24 Шілде, 2017

ЭКСПО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 12.58-де ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелген, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

ЭКСПО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді

Еске салсақ, 11 шілдеде Астананың математика сабағының мұғалімі ЭКСПО-2017 көрмесінің миллионыншы келушісі атанды. «Өткен аптада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 285 300 адам келіп, орта есеппен алғанда күніне 40 757 қонақ болған.

10 маусым мен 23 шілде аралығында Көрмеге келген келушілердің жалпы саны 1 484 300 адам», - делінген хабарламада.  

Келушілер ең көп тамашалаған павильондар:

1.     Африка Плазасы

2.     Мысыр

3.     Үндістан

4.     Ресей

5.     Түркия

6.     Жапония

7.     Сауд Арабиясы Корольдігі

8.     Өзбекстан

9.     Таиланд

10.  Түрікменстан

Көрме кешенінің ең көп тамашаланатын нысандары:

1.     Нұр-Әлем

2.     Коммерциялық павильондар

3.     Шелл балалар лабораториясы

4.     Балалар саябағы

5.     Тақырыптық С3.5

6.     Дю Солей циркі

7.     Тақырыптық С2.4 павильоны

8.     Амфитеатр

9.     Шығармашылық энергия аймағы

10.   Үздік тәжірибелер аймағы