08 Қазан, 2011

Телефон арқылы сөйлесті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, бақыт пен игілік тіледі.