Қазақстан • 26 Шілде, 2017

Қазақстан – халықаралық комитет төрағасы

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Женевада Кодекс Алиментариус комиссиясының (Codex Alimentarius – Тамақ Кодексі) 40-сессиясы өтті. Оған Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин бастаған Қазақстан делегация­сы қатысты.

Қазақстан – халықаралық комитет төрағасы

Сессияда еліміз 2018-2019 жылдарға Кодекс Алиментариус комиссиясының Еуропа бо­йынша БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауыл ша­руа­шы­лығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұй­ым­дары (БҰҰ ААҰ/ДДҰ) Үйлестіруші ко­ми­те­­ті­­нің тө­рағасы болып тағайындалды.

Қазақстан құрамына Еуропа аумағы мен Орталық Азияны қоса алғанда 52 мемлекет кіретін ААҰ/ДДҰ-ның Үйлестіруші ко­ми­тетіне 2003 жылдан бастап мүше болып табылады.

Жалпы, Кодекс Алиментариус комиссиясының не­гізгі миссиясы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін жә­­не әлемдік деңгейде адал сау­­даны қамтамасыз ету, тамақ өнім­­деріне арналған халық­ара­лық стан­да­рт­тарды және та­ғам қау­іпсіздігін қамтамасыз ету­­­дің бас­шылыққа алынатын қағи­дат­та­рын әзір­леу болып табылады.

Еуропа бойынша ААҰ/ДДҰ-ның Үйлестіруші ко­митетіне төра­ғалық ету Қазақстанға Эко­но­ми­калық ынтымақтастық және да­му ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжі­рибесі бойынша тағам қа­у­іп­­сіздігін қамтамасыз ету үшін ұлт­тық стратегия­ны ти­імді іс­ке асыруға, бизнесті қолайлы жүр­гі­зу үшін та­ғам стандарттарын үй­лестіруге және қолдануға, ел­дің экспорттық әлеуетін арттыруға, отан­дық өнім­дерді әлем­­дік нарыққа жылжытуға жә­­не ха­лық­аралық ғаламдық эко­номикаға интег­ра­ция­ла­ну­ға мүм­кіндік береді.

Айта кету керек, 50 жылдан ас­там уақыт ішінде Кодекстің мүше елдері халықаралық на­рық­тарда іске асырылатын та­мақ өнімдерінің стандарттарын келісу бойынша жұмыстар жүр­гізуде. Бұл стандарттар тұ­ты­­нушылардың қауіпсіздігін, қо­ғамдық денсаулық сақтау са­­­ласын жақсартуға, елдер ара­сын­­дағы артық сауда кедер­гі­ле­рін қысқартуға, мемлекеттер­ге Ко­­декс стандарттарымен ке­піл­дік берілген сапалы және қа­у­іп­сіз тағам өнімін сатып алуға жол аша­ды.

Еске сала кетсек, Кодекс Ал­и­­мен­тариус комиссиясы БҰҰ­ Азық-түлік және ауыл ша­­­руашылығы ұйымы мен Дү­ние­­­­­жүзілік денсаулық сақ­тау ұй­­­ымының бірлескен үкі­мет­ара­лық органы болып табылады. Ол әлем­­нің 7 географиялық ай­ма­ғы­нан 188 мүше елді қамтиды.

«Егемен-ақпарат»