Қоғам • 18 Шілде, 2024

Ең биік сарқырама

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анхель – әлемдегі ең биік сар­қырама. Ол Венесуэланың тропи­калық орманында орналасқан. Биіктігі 979 метрге жетеді. Ал ені – 107 метр.

Ең биік сарқырама

Сарқыраманың биіктігі сонша, жерге жеткенше, су ұсақ бөлшектерге бөлініп, тұманға айналады. Жоғарыдан құлаған су Кереп өзеніне келіп құйылады. Сар­қырама атауы ұшқыш Джеймс Эйнджелдің есімімен байланысты. Өйт­кені ол 1933 жылы алмаз іздеп, Вене­суэланың үстінен ұшып бара жатқанда, Анхельді алғаш байқаған адам.