Қоғам • 19 Шілде, 2024

Бес шеңбердің мәнісі

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиада деген сөзді естіген сәтте көз алдыңызға нені елестетесіз? Әри­не, бір-бірімен айқаса байланысқан түрлі-түсті бес дөңгелекті. Сол бес шең­бердің түстері былай орналасқан: көк – Еуропа, сары – Азия, қара – Афри­ка, жасыл – Аустралия, қызыл – Америка.

Бес шеңбердің мәнісі

Дәл осы мәлімет Халықаралық Олим­пиада комитетінің ресми анықтама­лығында 1951 жылға дейін тұрды. Алайда бұл түсініктеме кейін алынып тасталды. Өйткені 1913 жылы аталған таңбаны ойлап тапқан Пьер де Кубертеннің еңбектерінде мұндай дерек кездеспейді. Оның идеясы басқаша болған. Яғни мұндағы бес түстің кем дегенде біреуі кез келген мемлекеттің туында болатындай етіп таңдалған.