Қоғам • 19 Шілде, 2024

Спорт жарысының төресі

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорт сайыстарының ішіндегі ең танымалы – Олимпия ойындары. Бұл додада жеңуді емес, қатысуды арман тұтатын спортшылар жетерлік. 1896 жылдан бері өткізілетін бұл жа­рыста адам таңғаларлық небір рекордтар тіркелген.

Спорт жарысының төресі

Жалпы, қысқы және жазғы ойындар 1994 жылға дейін бір жылда өткізілетін. Кейін Ха­лықаралық Олимпиада комитеті бұл спорт­тық жарыстардың арасын екі жылға созу керек деп шешті. Содан бері олимпиадалық ойындар екі жыл сайын алмасып өтіп тұ­ратын болды. Ал ең алғаш рет қысқы Олим­пиада 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өткізілді. Ол кезде спорттың 5 түрі бойынша 14 жарыс түрінде жүлделі орындар сарапқа салынды. Бір қызығы, Олимпиада тарихында қысқы әрі жазғы ойындарға да қатысқан спортшылар да болған.